Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды


Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі



бет10/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту
казак тилин окыту
Бекіту сұрақтары
1. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
2.Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама беру, ғылыми негізіне тоқталу.
3. Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы.

Әдебиеттер: 1.Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
3. Мейірманқұлова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Астана., Фолиант, 2010
9.4.5. Тақырыбы Фонетиканы оқыту әдістемесі.
Сағат саны 1.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.
2.Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
3.Фонетикалық жаттығу мен фонетикалық талдау әдісі.Алфавит, дыбыс пен әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту.
4.Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды .
Дәріс тезисі*Фонетика тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика — тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес. Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол — тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мектепте бастауыш сыныптарда басталып оқытылатыны анық. Жалпы жүргізіп, қатесіз оқу, сауатты жазу т.с.с. дағдылары қалыптасқан оқушы орта буын-бесінші сыныпта ғылымиланған, күрделенген фонетика тарауына қайта оралады. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат - тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда «...қазақ тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар ескеріледі: 1) қазақ тіл білімінің фонетика саласының орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары; 2) қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар; 3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып, және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар; 4) оқушылардың ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасының материалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет