Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №2
Тақырыбы: Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Оқу материалы тақырыптық және сабақтық (календарлық) жоспарлау
2. Физика бойынша өтілетін оқу сабақтарының жүйесі.
Дәріс тезисі
Оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет. Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады.
Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 1- суретте көрсетілген.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.
Әдебиет
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б
3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.
4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №3
Тақырыбы: Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Әңгіме
2. Әңгімелеу
3. Түсіндіру
4. Баяндау
5. Дәріс
Дәріс тезисі
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсыңда түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оку материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдерге әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция және кітаппен жұмыс кіреді.
Әңгімелеу. Бұл мұғалімнің сабақтын логикалық негізін түсіндіру, материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, доилогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай: оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру; ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму перспективаларымен таныстыру.
Дәріс. Лекция әңгімелеумен түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді.
Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту тәсілі. Материалды әңгімелесу тәсілімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді.
Кітаппен жұмыс. Кітап – білімнің қайнар көзі. Оқушылар физика оқулықтарымен жұмыс істеп, белгілі физикалық білім жүйелерін меңгереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Өткізу форматы: проблемалық лекция, лекция- визуализация
Дәріс №4
Тақырыбы: Физикалық демонстрациялық эксперимент
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Физика бойынша зертханалық сабақтар: фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, фронтальды тәжірибелер, кластан тыс бақылаулар мен тәжірибелер.
2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы.
3. Физикалық приборларлың жалпы сипаттамасы және классификациясы.
Дәріс тезисі
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |