Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физика –математика факультеті
Физика кафедрасы
«Бекітемін»
ОӘЖжҚББО жетекшісі
________ Кадиркулова А.Н.
« »___________ 20__ ж.
SYLLABUS
Даярлау бағытының коды және атауы
|
Білім бағыты
|
Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры
|
5В011000-физика
|
Пән циклы атауы және коды
|
FOA 3303 – Физиканы оқыту әдістемесі
|
Оқу формасы
|
Қашықтықтан білім беру технологиясы
|
Академиялық кредит
|
5
|
Академиялық сағат
|
60
|
Оқыту тілі
|
қазақ
|
Оқу жылы / семестр
|
2019-2020 жыл, 5 семестр
|
Білім деңгейі
|
бакалавриат
|
Ақтөбе, 2019 ж.
Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) Типтік оқу бағдарламасы 2016 ж. негізінде құрастырылды.
Құрастырушылар:
1. Пән оқытушысы: ________ Аймаганбетова З.К. PhD доктор
(қолы ) (аты-жөні, қызметі)
2. Жұмыс берушілер: ________ ______________________
(қолы ) (аты-жөні, қызметі)
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ______________________ 20___ж.
Кафеда меңгерушісі ________ Аймаганбетова З.К.
(қолы ) ( аты-жөні)
Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, «_____» ______________________ 20___ж.
Әдістемелік кеңес төрағасы ________ Наурызова Н.К.
(қолы ) (аты-жөні)
1.КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы: Аймаганбетова З.К. zukhra.aimaganbetova@mail.ru
Кабинет № № 209ПС, физика кафедрасы
(кафедра атауы мен кабинет №)
2. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Физиканы оқыту әдістемесі (ФОӘ) бағдарламасы болашақ физика пәні мұғалімі физиканы оқытудың әдістемесі пәні бойынша меңгеруі тиіс теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды.
Физика әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл бөлу керек. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдарды түсіндірудің әдістемесі курста кеңінен көрсетілуі тиіс. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдардың мазмұнын ашып, олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.
Мектеп физика курсының әрбір тақырыбы бойынша өтілетін сабақтарда демонстрациялық эксперименттерді үлгілі түрде орындаудың, кестелерді, диаграммаларды, слайдтарды, бейнефильмдерді, анимацияларды және т.с.с көрнекі құралдарды көрсетудің маңызы зор. Дәрістік курс бойынша демонстрациялық тәжірибелерді даярлау мен көрсетуге студенттердің өзін қатыстыру пайдалы.
3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
Курс
|
Семестр
|
Дәріс
|
Практика/
семинар
|
Зертханалық
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Бақылау формасы
|
3
|
5
|
15
|
45
|
|
30
|
60
|
Емтихан
|
4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- студенттердің орта және жоғары оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология-педогогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;
- физиканы оқытудың принциптері мен әдістерін меңгеру;
- пән бойынша оқу жоспарын жасау, кәсіптік оқу орнының түріне қарай материалдарды таңдап, әдістемелік амалдарды қолдану;
- студенттерді есеп шығару әдістемесіне үйрету, олардың логикалық ойлау операциясы дәйекті болуын, ой-пікірде формализм болдырмауын қамтамасыз ету, стандартты жағдайда тұрақты машық алуға, физикалық жәй-жағдайды талдай білуге үйрету жатады.
Жоғары оқу орнындағы физика әдістемесінің міндеті – студенттерді оқу процесінің қазіргі заманғы құралдармен және жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.
Ғылыми және оқу әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше терең оқып, керекті тәжірибелер мен түрлі көрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп көрген соң семинарлық сабақтарды студенттер өз группасы алдында берілген тақырып бойынша баяндамалар жасайды және іскерлік ойын сабақтарын өткізеді. Мұндай баяндамаларды талқылау кезінде тақтадағы салынған суреттердің сапасына, техникадан қажетті мысалдарды пайдалана білуіне көңіл бөлу керек. Студенттердің сөзінде олардың тақырып мазмұнын ғылыми дәлелдеуге, оның мәнін ашудың әдістемелік нұсқаларына шығармашылық түрде сын көзбен қарауға ұмтылу әрекеттерінің байқалуы өте маңызды.
Семинар сабақтарында оқу есептерін шығару процесінің психолгия-педогогикалық қырлары, шығару құрылымы, осы үрдістің алгоритмизациясы, есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін белгілеу және т.б қарастырылады. Есептерді шығарудың әдістері, тәсілдері және ерекшеліктері белсенді талқылау үстінде дәйектелінуі керек.
Семинарларда бағдарламалық материалды түсіну және оны қолдану дәрежесіне жетуге тырысу керек. Әр сабақ екі сағатқа бейімделген. Практикалық сабақтарда жеке-жеке тақырыптар: кинематика, динамика, газ заңдары және т.б тақырыптар бойынша есептерді шығару әдістемесі жаттықтырылып шындалады, физикадан алған білімдері тиянақты дәлелденіп, қалыптасып бекітіледі.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
- физиканың нақты тақырыбы бойынша, дүние танымдық, танымдық жəне тəрбиелік мəселелерді ескеретін, өлшемдік шкаланы құрастыра білу;
- бағалаудың əр түрлі тəсілдері мен саймандарын қолдана білу;
- оқушының дербес ерекшеліктерін ескеретін, əр бір оқушыға арналған, оқытудың дара траекториясын түзе білу;
- физикадан сапалы білім алуға мүмкіндік беретін өлшемдерді құрастыра білу.
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Блум таксономиясы деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Синтез
|
Бағалау
|
Оқыту нәтижелері (ОН)
білім беру ортасы аралық қарым-қатынастарын ұйымдастыру тəсілдерін жүзеге асыра алады.
|
пəндік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру əдістері, физикаға қызығушылықты қалыптастыру
|
Алған білімін тұрмыста қолдану
|
пəндік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру əдістерін білуі
|
Физиканы оқыту әдістемесінің әдістері мен тәсілдерін талдай білуі
|
Физиканы оқыту әдістемесі пәнін оқыту бойынша алынған нәтижелерін қолдану мүмкіншіліктерін бағалай білуі
|
7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:
– мектептегі физика курсы;
– жалпы жəне теориялық физика курсы;
– информатика;
– педагогика;
– психология.
8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:
Іс-тәжірибе.
9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:
Дәріс сабақтары түрлі формада өткізіледі: проблемалық лекция, лекция – визуализация, алдын ала жоспарланған қателері бар лекция, лекция – конференция, лекция- дискуссия. Практикалық сабақтарында фронтальды, топтық және дербес формалары қолданылады.
10. СӨЖ кестесі:
№
|
СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)
|
Тапсырма түрі
|
Орындалу мерзімі
(ҚББТ арналған академиялық күнтізбеге сәйкес )
|
1
|
Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары.
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
2
|
Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру.
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
3
|
Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
4
|
Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары.
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
5
|
Физика сабағының құрылымы
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
6
|
Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
7
|
Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты,оның түрлері
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
8
|
Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
9
|
Физикалық жұмыстан тыс жұмыстардың классификациясы
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
10
|
Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
11
|
Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
12
|
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
13
|
Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары.
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
14
|
Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру.
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
15
|
Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі
|
Жазбаша түрде.
|
5
|
11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
11.1 Дәрістер
Дәріс №1
Тақырыбы: Кіріспе. Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері
Сағат саны: 1
Жоспары
1.Физиканы оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым,оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.
2.Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен байланысы.
3.Мектеп білім дамуының қазіргі заманғы кезеңіндегі физика әдістемесінің міндеттері.
4.Физика ғылымының негіздерін меңгеру (мемлекеттік бағдарламадарда айтылған білімдерді, дағдыларды және шеберлікті игеру), оқушылардың ойлауын дамыту және дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, политехникалық білім беру.
Дәріс тезисі
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары- сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді: оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Достарыңызбен бөлісу: |