Зерттеу мақсаты: Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану. Міндеттері



Дата08.06.2018
өлшемі34,62 Kb.
#41876
Мазмұны:

 

 



 

І. Кіріспе бөлім

Қазақтың қара сабыны........................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.........................................5

2.2. Сабынның шығу тарихы..............................................................................7

2. 3  Сабын алатын  өсімдік   түрлері................................................................8

2.4 Қара сабынның жасау технологиясы және химиялық реакциялар........14


ІІІ. Қорытынды.................................................................................................19

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................21

Аннотация
Зерттеу мақсаты: Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .

Міндеттері:

1.Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.

2.Сабын алудағы химиялық реакцияларды зерттеу.

3.Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.



Зерттеу нысаны:  сабын жасау үрдісі (шикізат, шикізат сапасы, өнім, өнім сапасы)

 Ғылыми болжамы:  Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай,  келер ұрпаққа  мұра етіп қалдырады. 



Өзектілігі:

 Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін  ескере отырып, экологиялық таза өнімді  пайдалану.  



Зерттеу кезеңдері:

І. Ізденіс. Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.

ІІ. Мәлімет жинау. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.

ІІІ. Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.

ІV. Талдау жасау. Сабынның  пайдасын зерттеу.

Зерттеу тәсілдері:  ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.

Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып,  жетілдіру.

I  Кіріспе


  1. Қазақтың қара сабыны

Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.



Сақар – күлден шығады. Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.
Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының ерте заманнан қолдан жасап, тұрмыста қолданған сабынның жасау тәсілін меңгеру, оның құрамын зерттеу, емдік қасиетін анықтау. Сахар сабыннан заманауи жартылай өнім дайындау.




ІI  Негізгі зерттеу бөлімі 
2. 1 Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!


Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.

Сексеуіл- түрік сөзі, қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді. Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Олар әбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Жеті қат жер астынан кен іздеушілер еліміздің заңдары бойынша орман қорының меншігіндегі аумақта бұрғылау ісін орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға ішінара белгіленген алқапта,сынған бақтақтарын, қурағандарының санитарлық мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердің ауласында тау-тауболып үйілген сексеуіл дөңкелері оған місе тұтушылықтың, қанағатшылдықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр.

Сексеуіл егістік қорғау қормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Сексеуіл ормандарын мемлекет өз қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде самолетпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сөз бар емес пе? Бүгін де кең-байтақ қазақ жерінің 60 пайызы шөлді аймаққа айналып, топырақтың құнарлылығы төмендеп, тұзданып барады. Сәйкесінше,мал және өсімдік шаруашылығындағы өнімділік азайды. Қоршаған ортаға орасан зор залал келіп, халықтың денсаулығынашарлап кетті.

Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Жапырақтары өте кішкене. Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт.

Органикалық заттар өркендерде ғана бар. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ – ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпілдектері болады, сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде және қыста жейді. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар.

Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 10-12 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір шырынды жас бұталары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы ажырайды. Бұларшоғырланы пөседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Біздің елімізден басқа Орта Азияның шөлді, құмды, сортаң жерлерінде көп кездеседі. Сондай-ақ, тақыржерлерде де өсуге бейім. Қарасексеуілдің де жас әріжұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді.

Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жазжайлау, қысқыстауда күнелтіп жүріп, өзініңкір - қоңын, киім - кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлысырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халы өз іқолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.
2. 2  Сабынның шығу тарихы
Сабын – жоғары май қышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған;Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәліметтер [1] бергені белгілі. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9-10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи,Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған.

Сабын  – тілімізге арабтың «сабун» [2.244] деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты әлемге әйгілі болды. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды.

Ал біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін, етін, сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтар малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған. Сүйек қайнап



Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет