Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды



бет3/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу
силлабус ұңғыны жөндеу
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


9.1 Дәрістер
Тақырыбы:Кіріспе
Сағат саны:1сағ
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарын жүргізу себептері

  2. Ұңғыманы жөндеу операциялары.

Дәріс тезисі:
Өндіру немесе айдау ұңғыларының қалыпты жұмысы əр түрлі себептерге байланысты бұзылады, ол толағымен ұңғының жұмысын тоқтатуға, немесе оның шығымының едəуір азаюына əкеліп соғады. Шығымның тоқтауы немесе азаюы себептері түрліше болуы мүмкін, ол жер асты немесе жер үсті жабдықтарының істен шығуымен, қабат жағдайының өзгеруімен, газлифтілі ұңғыларға электр энергиясының немесе газдың келуінің тоқтауымен, жер үстінде сұйықтықты қайта айдау жəне тасымалдаудың тоқтауымен жəне т.б байланысты. Осылайша ұңғылар уақыттың бір бөлігін жөндеу жұмысын күтумен немесе сол жөндеу жұмысының өтуін күтіп бос тұрады.Ұңғыларды жөндеу жиілігі жəне олардың салыстырмалы жұмыс істеу ұзақтығы белгілі бір көрсеткіштермен анықталады. Бұл көрсеткіштер басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштермен қатар берілген мұнай өндіруші кəсіпорындағы ұйымның жəне мұнайды өндіру технологиясының жағдайын сипаттайды.
Ұңғыны ағымдағы жəне күрделі жөндеу кезінде бір түрдегі операциялардың көп бөлігі бірдей жұмыстарды атқаруға белгіленген, бірақ оны параметрлері əртүрлі машиналар мен агрегаттар атқарады. Осылайша мысалы, ағымдағы жөндеу кезінде көтеріп-түсіру операциялары үшін жүк көтергіштігі 30-35 т дейінгі жабдықтар қажет, ал күрделі жөндеуде – 80 т жəне одан да көп. Сонымен қоса ағымдағы жəне күрделі жөндеу жұмыстарында бірдей жабдықтар немесе саймандар қолданылады, мысалы элеваторлар, кілттер жəне т.б. Күрделі жөндеуде өте жиі ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған саймандар қолданылады, егерде олардың параметрлері, мысалы, жүк көтергіштігі талап етілген шарттарға сəйкес келсе.
Бекіту сұрақтары:
1.Ұңғыны жөндеу жұмыстары қалай жіктеледі?
2.Ағымдағы жөндеуде қандай жұмыстар жүргізіледі?
3.Жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарды атаңыз?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.
Тақырыбы: Ұңғыманы ағымдағы жөндеу
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұңғыманы ағымдағы жөндеу мақсаты
2. Ұңғымадағы жөндеу жұмыстар топтары
3. Ұңғымадағы жөндеу жұмыстар түрлері
Дәріс тезисі:
Ұңғымада жер асты жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты келесі жұмыстарды жүргізу болып табылады:
- ұңғыма жабдықтарының және ұңғыманың өзінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру;
- жабдықтардың және ұңғымалардың пайдалану ұзақтығын жоғарылату және істен шығуын алдын алу;
- ұңғыма шығынын бастапқы деңгейге дейін немесе одан да жоғары деңгейге дейін жоғарылату.
Мұнай−газ өндіруші кәсіпорынның жұмыс істеу саласын бағалау үшін ұңғыма жұмысын жөндеу аралық (межремонт) периодының көрсеткішін қолданады.
Ұңғыма жұмысының жөндеу аралық периоды - бұл бірінші жөндеуден келесі жөндеуге дейінгі ұңғыманың шынайы пайдалану ұзақтығы. Ұңғыма жұмысының жөндеу аралық периодын ұзарту, жабдықтарды дұрыс таңдаумен және жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолдану арқылы жүзеге асады.
Ұңғымадағы жөндеу жұмыстарын үш топқа бөлуге болады:
1) ұңғыма алаңын жөндеу жұмыстарына дайындау жұмыстары;
2) ұңғыманы жер асты жөндеу;
3) жер бетіндегі жабдықтарды жөндеу жұмыстары.
Ұңғымада алаңды дайындау жұмыстары арнайы агрегаттар және типтік жабдықтар көмегімен жүргізіледі. Үлкен еңбек сыйымдылықты жұмыстар ұңғыманы жер асты жөндеу кезінде орындалады.
Жер асты жөндеу кезіндегі жұмыстар түрлері төмендегідей болады. Жер асты жөндеу кезіндегі барлық жұмыстарды ағынды (І) және күрделі (ІІ) жөндеу жұмыстарына бөлуге болады [7]:
І. Ағынды жөндеу жұмыстары:
1. Алдын ала жөндеу жұмыстары.
а) газлифт клапандарын ауыстыру;
б) ұңғымалы сораптарды жоспарланған мерзімінде немесе берілісі төмендегенде ауыстыру;
в) ұңғыманы құмнан тазарту және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет