4. Басқа өнімді қабатқа көшу:
- көпқабатты кен орындарды игеру барысында «төменнен -жоғары» игеру жүйесі бойынша
- бір ұңғымен бірнеше өнімді қабатты бірмезгілде пайдалану жүйесі (ОРЭ –одновременно - раздельная эксплуатация одной скважиной нескольких пластов)
5. Ұңғының түп аймағын өңдеу:
- қышқыл ерітіндісімен өңдеу
- ҚСЖ, ҚАП процесін жүргізу
- ұңғының түп аймағын жылулық әдіспен өңдеу
- ұңғы өнімділігін арттырудың комплекстік әдісін пайдалану 6. Ұңғы консервациясы.
7. Ұңғыны жою. Бекіту сұрақтары: 1.Ұңғыны күрделі жөндеу жұмыстары қалай жіктеледі? 2.Ұңғының консервациялау қандай жағдайда жүргізіледі? 3.Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қандай дайындық жүргізіледі? Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.
Тақырыбы: Жөндеу-оқшаулау жұмыстары
Сағат саны:2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Ұңғыға судың өту себептері.
2.Жөндеу оқшаулау жұмыстары
3. Тампонажды материалдар
Дәріс тезисі: Еліміздің кен орындарын игерудің негізгі түрі –ол су айдау болып табылады. Бұл тәсілде мұнайды шығару тиімділігі қабатқа айдалған судың әсерінен оны толық қоршап алуына тәуелді.
Қазіргі технологияның мақсаты ұңғыманың түпкі аймағындағы мұнайлы қабатының өнімді бөлігіндегі сулы аймағын оқшаулау және қабат аралық ағындарды болдырмау болып табылады.
Мұнайкәсіпшілік саласында ұңғының пайдалану уақытынан бұрын сулануы негізгі проблемалардың бірі болып табылады.
Өндіру ұңғыларына судың енуі мұнай қорын барынша мол алуға мүмкіндік бермейді.
Жөндеу-оқшауландыру жұмыстары ұңғыға бөтен сулардың (пайдаланылып жатқан мұнайлы горизонтпен немесе қабатшалармен салыстырғанда жоғары немесе төмен орналасқан су қабаттарының) еніп кетуін болдырмауды қарастырады.
Көптеген кен орындарын табиғи немесе жасанды суарынды режим жағдайында игеріледі .