Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды



бет6/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу
силлабус ұңғыны жөндеу
Ұңғыға судың өту себептері :
- өткізгіштілігі және қабат қалыңдығы бойынша әртектілігі;
- өндіруші және айдаушы ұңғыларды орналастыру ерекшеліктері;
- табан суларының жиналуы;
- қабаттың еңкіштігі ( көлбеу орналасуы);
- жоғары өткізгіштіктің каналдары мен жырықтардың болуы, әсіресе жарықшақты-кеуекті коллекторларда;
- пайдаланушы тізбектің және цементті сақинаның саңылаусыздығы ның бұзылуы (негерметичность).

Ұңғылардың сулануын азайтудың әдістері - Жөндеу-оқшаулау жұмыстары .


Жөндеу-оқшаулау жұмыстары келесі мақсатпен орындалады:
- су ағынын селективті оқшаулау;
- су ағынын бағыттап оқшаулау (суға қаныққан интервалдар және төменгі суларды тоқтату);
- тізбек сыртындағы ағындарды жою;
- пайдалану тізбектің саңылаулығын жою.
Бекіту сұрақтары:
1.Оқшаулау жұмыстары қандай жағдайда жүргізіледі?
2.Ұңғының сулануын азайту шаралары қандай?
3.Жөндеу-оқшаулау жұмыстарында қандай жұмыстар жүргізіледі ?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Ұңғыма өнімділігін аттыру мақсатында қабаттың түп аймағына әсер ету әдістері
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұңғы өнімділігінің төмендеу себептері
2.Ұңғы өнімділігін арттыру әдістері
3.Ұңғының түп аймағына әсер ету әдістерін қолдану ерекшеліктері
Дәріс тезисі:
Ұңғының түп аймағына әсер ету мақсаты – ұңғы өнімділігін арттыру.
Ұңғы өнімділігінің төмендеу себептері:
- перфорация процесінің сапасыз жүргізілуі
( перфорация процесінің түрін дұрыс таңдамау немесе азқуатты перфоратор қолдану);
- мұнайдан парафин бөлінуі;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы сұйықтықтардың ( басу сұйықтығының) перфорациялық каналдарға енуі;
- ұңғыны пайдалану режимі дұрыс таңдалмауы;
- технологиялық процестердің дұрыс ұйымдастырылмауы;
- жабдықтардағы ақаулар.
Ұңғының түп аймағына әсер ету:
- перфорациялық каналдарды тазартып, түп маңы аймағының өткізгіштігін арттыруға;
- қабаттың ұңғымен гидродинамикалық байланысын жақсартуға;
- перфорациялық каналдарды ұлғайтуға немесе жаңа каналдар жасауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет