11. Ата-аналар университетінің мақсатын белгілеңіз
A Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін көтеріп, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім беру
B Ата-аналардың рефераттар жазып өткізуі.
C Сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізілуі.
D Отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланыста болуы
E Мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етуі.
12. Күн тәртібінің мақсатын белгілеңіз
A Еңбек пен демалысты кезекпен өткізу, жақсы әдеттерді қалыптастыру
B Баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайту
C Еңбек қабілетін жақсарту
D Жұмыс қабілетін толық сақтау үшін
E Отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін ескеру
13. Шығыс халықтары баланы жастайынан бір бақылаушы күштің бар екендігіне сендіру арқылы оның барлық іс-әрекеттерін ар-ождан таразысына салып салмақтауға бағыттап отырған. Бұл қай ерекшелік?
А. дінмен байланысты ұйымдастырылуы.
В. халықтық сипаты
С. ізгіліктілігі.
Д. жеке даралығы.
Е. тұлғалық-бағыттылығы
Достарыңызбен бөлісу: |