Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет11/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология

9.1.5. Тақырыбы: Жасуша. Жасуша теориясы және оның маңызы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Жасуша ілімі – цитологияның даму тарихы
2. Жасуша типтерінің тұтастығы және әралуандығы
3. Эукариотты жасуша
1665 жылы Роберт Гук өзі ойлап тапқан қарапайым микроскоп астында, ағаштың кабығын зерттей отырьга алғаш рет жасушаларды көрген. Алғаш рет ғылымға «жасыуша» терминін енгізген.
Жасуша теориясы және оның маңызы 1838 жылы Т.Шван және М.Шлейден жасуша теориясын қалыптастырды. Сондықтан бұл теория Т.Шван-М.Шлейден теориясы деп те аталады. Жасуша теориясының ашылуы биологияның дамуына үлкен үлесін қосты.
Жасуша - тірі организмдердің қүрылымдық және қызметтік бірлігі болып табып табылады.
Жасуша теориясының шарттары:
• Жасуша тіршіліктің құрылымдық бірлігі болып табылады. Барлық тірі ағзалар жасушалардан құралады.
• Жасуша тіршіліктің қызметтік бірлігі болып табылады. Тіршілікке маңызды қызметтердің барлығы жасуша деңгейінде жүреді.
• Бір және көпжасушалы организмдердің жасушалық құрылысы, қызметі жалпы бірдей болады.
• Әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
• Жасуша тіршіліктің генетикалық бірлігі болып табылады. Әр жасуша хромосомасында ағзаның дамуы туралы ақпарат сақталады
Жасушалардың екі типін ажыратады: Прокариоттык және эукариоттық жасушалар
Прокарноттар (ядросыз). Олардың қа-лыптаскан ядролары болмайды, ядролық заты цитоплазмада мембранамен шектелмей орналасады. Прокариоттар тобына барлық бактериялар, онын ішінде цианобак-териялар, немесе көк-жасыл баддырлар жатады. Негізгі кұрылымдык бөліктері: жасуша мембранасы, цитоплазма.
Эукариоттар (ядросы бар). Эукариотгык жасушаларда қабықшамен шектелген ядросы болады. Эукариоттық жасушаның цитоплазмасындағы цитозольға тіркелген көптеген мембраналы оргоноидтар бар. Әр бір оргоноидтың өзінік бір ерекше функциясы болады. Мұндай мембраналы оргоноидтар прокариоттык жасушада болмайды. Эукариоттык жасуша прокариоттық жасушаға карағанда көп есе үлкен болады. Жасушаның атқаратын қызметі оның үлкендігіне де байланысты болады. Эукариоттық жасушалардың үлкендігі 10-100 м диаметрде болады. Ол бактериядан 10 есеге үлкен. Эукариоттар тобына қарапайымдылар, саңырауққлактар, өсімдіктер және жануарлар жатады. Олардың жасушалық кұрылысында белгілі айырмашьшықтар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет