Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет19/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9.1.9. Тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Катаболзм және анаболизмнің өзара байланысы
2.Автотрофты және гетеротрофты ағзалар
3.Фототрофты және хемотрофты ағзалар
4.Фотосинтез процесі
Жасушаларда биологиялық синтез және ыдырау процестері үздіксіз жүріп отырады. Синтез процесі жалпы анаболизм (гр. "ана" — тірі дене), ал ыдырау процесі катаболизм (гр. "ката" — өлі дене) деп аталады.
Энергетикалық алмасуды, әдетте, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезең (дайындық кезеңі) — бұл процесс микроорганизмдер мен өсімдіктерде жасушада жүреді, ал жануарларда жасушадан тыс, ас корыту жолы қуысында түзілетін ферменттердің әсерінен жүреді. Екінші кезеңде түзілген кішігірім молекулалар әрі қарай ыдырайды. Бұл кезде энергия бөлінеді және қор ретінде жинақталады. Энергетикалық алмасудың екінші кезеңінің негізгі процестерінің бірі — гликолиз. Гликолиз термині грек тілінен аударғанда, "гликос" — қант, "лизис" — ыдырау деген мағынаны білдіреді. Гликоз немесе анаэробты тыныс алу цитоплазмада оттектін қатысуынсыз жүретін процесс болып табылады. Гликолиз процесінде глюкоза немесе фруктоза екі-үш кеміртекті қосылыска ыдырайды. Содан кейін бұл қосылыстарда ферменттің өсер етуі нөтижесінде биологиялық тотығупроцесі жүреді. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңі, оттектің белсенді түрде қатысуымен жүреді. Бұл кезең аэробты тыныс алу деп аталады. Үшінші кезеңнің айрықша белгісі — мұнда органикалық заттар көмірқышқылы және суға дейін толық тотығады.
Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады.
(Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет