Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет27/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9.1.13. Тақырыбы: Антропогенез
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Антропологияның қысқаша тарихы
2. Антропологияның негізгі әдістері
3. Адамның табиғи шығу тегі
4. Homo sapiens-тің пайда болуы
5. Нәсілдер және нәсілдер теориясы
«Антропология» терминінің грек тілінен сөзбе-сөз аудармасы «адам туралы гылым» дегенді білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Аристотель енгізген, ол «антропология» терминін адамның рухани табиғатын зерттеуде қолданған. Қазіргі заманғы антропология - адам эволюциясы мен шығу тегі және нәсілдердің қалыптасуы мен адамның қалыпты физикалық құрылымын, адам мен адамзатгың даму сатыларын, эволюциялық қалыптасу кезеңдерін кешенді түрде зерттейтін пәнаралық ілім саласы.
Антропологияның маңызды мәселелерінің бірі саналы адамның биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшелілігін айқындау болып табылады. Адамдардың эволюциялық дамуын зерттеу арқылы ғана, адам қоғамының орнығуына алып келген себеп-салдарды айқындап, бұл мәселені шешуге болады. Қазіргі адамның пайда болуының барлық даму сатыларын ұқыпты әрі нақты мәліметтермен дәлелденген ғылыми бейнесін жасаудың маңыздылығы жоғары.
Н.sapiens-тің жоғары плейстоценде Африкадан пайда болуы, эволюцияның ірі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Уақыт өте Н. Sapiens түрі қалыптасуын, шамамен, жоғарғы палеолиттің ортасына жуық тамамдай бастады. Бірақ адамның «эволюциялық тамамдалуы» салыстырмалы түрде оның биологиялық ұйымының қамдай да болмасын өзгерісінің толық токтап калуы дегсн емес. Голоценде және тіпті, одан да ерте дәуірде адамның морфологиялық құрылымының мәртебесінде алуан түрлі дамулар болғанын атап айтуға болады («эволюциялық жойылу»), («дәуірлік тербелістер» және т.б.).
Қазіргі адамның каңқасында эволюцияның өзгерткіштік құбы- лысының көріністерін, антопогенез кезеңінде өмір сүргендердегі эволюция тенденцияларымен сәйкестігін көруге болады. Оларға сүйектің жалпы салмақсыздануын, дененің жалпы салмағының ұзындығының бірлігіне қарай азайғанын,жақ-сүйек аппаратының,тіс өлішемінің өзгерісін, ақыл тістің редукциясын, дененің кысқаруын, аяқтағы саусақтардың кысқаруын, т.с.с. жатқызуға болады.
Қазіргі адамның сұрыпталуының тағы бір таралған формасы- дизруптивті («ажыраушы») сұрыпталу. Түрішілік полиморфизм факторы оның сақталуы мен күшеюіне алып келеді. Бұл процестер Н. sapiens түрінің өмір сүруінің әр түрлі тіршілік орталарында бейімделуін арттырады. Нәсілдің кейбір белгісі, өз уақытында дизруптивті сұрыптың нәтижесінде қазіргі адамдардың «бейімделгіш типінің» пайда болуына әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет