Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет29/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология

9.1.14. Тақырыбы: Ағзалардың ортамен өзара қатынасы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1 Экологияның міндеттері мен әдістері
2. Экологиялық факторлар
3. Толеранттылық диапазоны
4. Биоценоз. Биогеоценоз. Экожүйе
5. Экологиялық пирамида ережесі
6. Мутуализм, селбесу, комменсализм.
Экология - (гректің оikоs - үй, тұрақ, тұрғылықты жер, баспана және logos - ғылым ), яғни ағзалар мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше назар аударатын ғылым.
Шектеуші фактор туралы түсінікті 1840 жылы енгізген химик Ю.Либих . Топырақтағы әр түрлі заттек мөлшерлерінің өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсерін зерттей келе, ол келесі принципті мазмұндаған: «Түсім - минимальды мөлшерде кездесетін заттекпен басқарылады және сол заттек түсімнің көлемі мен уақыт бойындағы тұрақтылығын да анықтайды ». Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Заң былай тұжырымдалады: экологиялық фак­торлар жиынтығында қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның ықпалы күштірек болады.
Экологиялық жүйе - белгілі бір географиялық орынның энергия ағымы және зат айналымы жүретін тірі табиғаты мен өлі табиғатының жиынтығы. Жалпы құрлық және су экожүйесі бар. Су экожүйенің өзі белгілі бір көлдің, белгілі бір өзеннің, батпақтың, теңіздің, мұхиттың экожүйесіне ажыратылады.
Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын — биологиялық өнімділік деп атайды. Тірі ағзалардың денесінің массасы биомасса деп аталады. Экожүйенің биологиялық өнімділігі — бұл олардағы биомассаның жасалу жылдамдығы. Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының түзілу жылдамдығын атайды. Гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын екінші ретті өнім деп атайды.
Гомотиптік реакциялар деп бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер түсініледі.Оның маңызды түрлері:топ эффектісі және масса эффектісі болып табылады.Түр ішіндегі бәсекелестік бар,оның екі түрі танылады - тікелей және жанама.
Гетеротиптік реакциялар - әр түрлі түрлерге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер болып табылады.Гетеротиптік реакциялар: кооператива, нейтрализм, антагонизм, симбиоз, комменсализм, агрессивті, жыртқыштық, паразитизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет