Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет31/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология

9.1.15. Тақырыбы: Биосфераның эволюциясы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Биосфера туралы ілім
2. Биосфера құрылымы, шекарасы
3. Ноосфера
4. Таусылатын және таусылмайтын табиғи ресурстар
Биосфера – ерекше биос — өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.
Стротосфера – латынша «stratum» — төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Иопосфера – гректің «ion» — қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта.
Ноосфера биосфераның болашақ жоғары сатысы, табиғат пен адамның өзара әрекеттену өрісі, мұнда ақыл-ой анықтауыш күш ретінде әрекет жасайды,сөйтіп адамзат биосфераны өзгерте алатындай негізгі күшке айналады. Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И. Вернадский бірнеше қорытындылар жасаған. Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты.
Қоғамның материалдық ,мәдени т.б. мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары –табиғи қорлар. Оларға –атмосфералық ауа, су, топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер,жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу т.б. жатады.
Табиғи қорлар (ресурстар) әр түрлі жолмен жіктеледі. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Қалдықтар - адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет