Дәріс жоспары Аналитикалық химия пәніне кіріспе, мақсаты. Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы



Дата13.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#185278
Байланысты:
1 дәріс Аналитикалық химия пәні, мақсаты және қолданатын әдістері. Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы.


Аналитикалық химия пәні, мақсаты және қолданатын әдістері. Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы
дәріс жоспары
Аналитикалық химия пәніне кіріспе, мақсаты.
Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы.
Қоршаған ортаның ластануының экологиялық-аналитикалық мониторингі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Аналитикалық химияның пәні.
мақсаты және қолданатын әдістері
Сапалық және сандық талдау.
Аналитикалық реакцияларды орындау әдістері. Аналитикалық реакцияларды жүргізу жағдайлары. Аналитикалық реакциялардын түрлері. Қайтымды және қайтымсыз аналитикалық реакциялар.
Қоршаған ортаның ластану себептері, олардың анализі. Экологиялық-аналитикалық мониторингі
Аналитикалық химияның даму тарихына шолу.
бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химия 
Аналитикалық химияның дамуын алты кезеңге бөлуге болады, Химияның дамуы бойынша мұндай бөлуді ХІХ ғасырдың танымал тарихшысы Герман Копп ұсынған болатын:
Ертедегі ғылым;
Алхимия дәуірі – сол кездегі химиктер қауымдастығының жәй металдардан асыл металдарды (алтын) алуға ұмтылуы (IV-XVI ғғ.);
• Натрохимия немесе медициналық химия – бұл кезеңде химия білімінің негізгі бағыты дәрі-дәрмек алу;
• Флогистон дәуірі «флогистон» - қолөнер шеберханаларының даму кезеңі ерекше «субстанция», яғни жану процесі механизмін анықтайды (XVII–XVIII ғасырларда от көптеген химиялық шеберханаларда қолданылатын: темір, фарфор, әйнек, бояу өндірістері сияқты химиялық кіші өнеркәсіптер);
• Ғылыми химияның даму кезеңі (XIX–XXғ.) – химиялық өндірісті дамыту мәселелерін шешу;
• Қазіргі кезең;
Экологиялық – аналитикалық мониторинг
    • Экологиялық – аналитикалық мониторинг табиғи жүйедегі экологиялық қауіп-қатерді анықтаудың негізгі көзі. Сонымен қатар, экологиялық – аналитикалық мониторинг экологиялық мониторингтің мемлекеттік жүйесінің қажетті компоненті болып табылады.

Экологиялық-анали-тикалық мониторинг бақылау және анализ жасау жүйесі ретінде келесі бөлімдерден тұрады:

шешім қабылдау
ақпаратты анализдеу;
түрлі болжамдар жасау;
бақылау;
Экологиялық-аналитикалық мониторингтің мақсаты - төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғи геобиоценоздың күйреуін және болған технологиялық авариялардың зиянды ықпалын төмендету.
1.Қазіргі таңдағы аналитикалық химияның алатын орны мен міндеттері.
2.Аналитикалық химияның жіктелуі.
3. Аналитикалық химияның жаратылыстану ғылымдары мен басқа да
химиялық пәндер арасындағы орны
4. Аналитикалық химияның маңыздылығы мен мәні. Қоршаған орта
мәселелері.
5. Аналитикалық бақылаулар.
6. Аналитикалық химияға еңбегі сіңген Қазақстандық ғалымдар.
7. Химиктердің ішіндегі аналитикалық әдістері мен зерттеулері бойынша
Нобель сыйлығын алған ғалымдар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар
Назарларыңызға рахмет!!!
Аналитикалық химияның жалпы теориялық негізі.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Аналитикалық химияның анализ әдістері, жіктелуі
2. Сапалық, сандық анализдер.
3. Химиялық, физикалық, физика-химиялық анализ әдістері
сапалық талдау.
сандық талдау
Аналитикалық химияның анализ әдістері, жіктелуі
Химиялық анализ қойылатын мақсаттарына байланысты
Сапалық талдаудың мақсаты – заттардың сапалық құрамын анықтау, яғни, қандай элементарлық бөлшектерден тұратындығын табу (атомдық, молекулалық, иондық , изотоптық құрамын). Сонымен қатар, белгілі қосылыстармен ұқсастыру (идентификациялау). Органикалық қосылыстардың құрамында жеке элементтерді ғана анықтау жеткіліксіз, функционалды топтарды да анықтау қажет.
Сандық талдаудың негізгі мақсаты – зертелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесің немесе олардың бір-біріне қатынасын анықтау.
Химиялық талдау белгілі бір тәртіппен жүреді: алдымен заттардың сапалық құрамы содаң соң сол компоненттердің сандық мөлшері анықталады.
анализ әдістері:
1) химиялық;
2) физикалық;
3) физика-химиялық;
4) биологиялық;
5) гибридті
Химиялық әдістер – химиялық реакцияларға негізделген, анализдің эффектісін визуальды түрде көзбен көріп байқауға болады.
Физикалық әдістер – заттардың физикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген, бұл әдісте химиялық реакциялар қолданылмайды. Мысалы: поляризациялану кеңістігінің ауысуы, жарық сәулесінің ерітінде сынуы, заттардың оптикалық спектрлері.
Физика-химиялық әдістер – химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың жүруі барысында заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруін байқауға негізделген әдістер. Физикалық және физика-химиялық әдістерді біріктіріп, құралдық (интрументальды) әдістер деп атайды, өйткені оларды жүзеге асыру үшін міндетті түрде әртүрлі құрылғылар мен қондырғылар қолданылады.
Биологиялық әдістер – әртүрлі объектілердің биологиялық активтілігін зерттеуге негізделген және химиялық реагенттердің биологиялық объектілерге әсерін зерттеуге негізделген әдістер.
Химиялық талдау әртүлі мәселелерді шешеді:
  • заттардың табиғатын анықтау;
  • зат үлгісінде негізгі компоненттің сапасын ( мысалы, құймадағы алтын мөлшерін) және бөгде қоспалардың үлесін анықтау;
  • белгісіз заттың химиялық формуласын анықтау;

  • - заттың құрылымын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет