Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет15/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология

9.1.7. Тақырыбы: Микроорганизмдер әлемі
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Бактериялар, олардың құрылысы, көбеюі
2. Бактериялардың қоректенуі
3. Вирустардың мөлшері мен құрылысы
4. Вирустардың тіршілік циклі
Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтезқұбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы организмдер.
Бактериялардың қоректенуі. Бактерияларды қоректену түрлеріне қарай автотрафты және гетеротрофты деп негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. 
2. Гетеротрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Жалпы бактерияларда паразитизм өте кең таралған. Тіптен бактериялардың басқа түрлерінде паразит ретінде өмір сүретіндері де кездеседі.
Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекшеліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіп жетіледі. Анаэробты бактериялароттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді.
Бактерияның көбеюі. Бактериялар үш түрлі жолмен көбейеді: вегетативтік, жыныссыз және жынысты. 
Вирус (лат. vīrus - «у»)–тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады.
Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.
Бактериофагтар (фагтар) – бактерия вирустарының ерекше тобы. Фагтар бактериальды клеткаға енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен ферменттiң әсерiнен ДНҚ таяқша каналы клеткаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактериальды клетканың метаболизмi түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет