Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет13/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9.1.6. Тақырыбы: Жасушалық цикл
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Жасушалық циклдің басты стадиялары: интерфаза, кариокинез, цитокинез.
2. Митоз
3. Мейоз.
Жасушалардың бөлінуі - барлық тірі ағзалар көбеюі мен дамуынын негізінде жатқат биологиялық процесс. Бөлінудің алдында хромосомада өзгерістер болады және ДНҚ редупликациясы жүреді. Бұл құбылыс прокариоттық және эукариоттық жасушаларға тән қасиет.
Жалпы жасушаның пайда болғанынан бастап келесі жасушаға бастама бергеніне немесе өлгеніне дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атайды. Әр жасушаның емір сүру ұзақтығы атқаратын қызметіне, қоршаған ортасына байланысты әртүрлі болады. Жасушалық цикл тыныштық кезеңі мен митоздық циклға бөлінеді.
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (G1). Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі. Ол G1 символымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. G1 Фазасы аяқталаған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді.
Бұл кезеңде жасушаның бөлінуіне қажетті әр түрлі заттар: нуклеотидтер, аминқышқылдар, ферменттер, АТФ молекуласы және т.б. заттар күшті қарқынмен жинақтадады.
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2). ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет, яғни жасуша орталығының 2 еселенуі және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құралады.
Бұл кезеңде ДНҚ-ның мөлшері өзгермейді. Алайда РНҚ мен белоктың синтезделуі жалғаса береді. Энергия жинақталады, ол энергия митоз процесіне жұмсалады. Қорыта айтқанда, интерфазада митоз процесіне қажетті заттар синтезделеді, сондықтан интерфазаны дайындық кезеңі дейді.
Митоз. Митоздық цикл – жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді. Мұны митоздық циклде – аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол организм үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтірген болар еді. Әрбір организм жасулардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасудан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу процесін айтады.
Митоз - жаңа ұрпақ жасушплары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі. Митоз нәтижесінде екі жаңа ұрпақ жасушаларында диплоидты хромосомалар жиынтығы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет