Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01511 «География Тарих» Пән циклы атауы және коды



бет7/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,91 Mb.
#82261
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы

Практикалық сабақтар
2практикалық сабақ
Тақырыбы: Жер-әлем кеңістігінде.Жердің пішіні мен өлшемдері.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Күн жүйесінің планеталарымен таныса отырып,Жердің басқа планеталармен салыстырмалы айырмашылықтарын анықтау. Сабақтың жоспары; 1-тапсырма.Күн жүйесінің планеталарының сипаттамаларын салыстыру Төмендегі кестені толтырыңыз(ғаламшар студенттің таңдауы бойынша алынады);
2-кесте
Жердің және ғаламшардың салыстырмалы сипаттамасы

Астрономиялық сипаттамалар

Жер

Ғаламшар

1.Экватор диаметрі







2.Массасы







3.Тығыздығы







4. Күннен ара қашықтығы; орташа
Минимальді
максимальді







5.Орбита бойынша айналу периоды







6.Өз осінен айналу периоды







7.Беткі қабатының температурасы







2-тапсырма.Күн жүйесінің планеталарының орналасу схемасын сызу(1-қосымша) 3- тапсырма.Бақылау орнының биіктігіне қарай көккжиектің көзге көріну қашықтығының қисық өзгерісін құру
4- тапсырма.
График бойынша жеке биіктіктер үшін көзге көріну қашықтығын анықтау; а)Қырым тауларының шыңынан түрік жағалауларын көруге бола ма?
в)Дженев мүйісінен Аляска жағалауларын көруге бола ма?
Әдістемелік нұсқау; 1-тапсырмада Күн жүйесі планеталарының сипаттамаларын мына жоспар бойынша салыстыру керек, Күннен қашықтығы,өлшемдері,көлемі, салмағы,орбита жазықтығына көлбеулілігі.осьтік айналу периоды мен Күн маңын айналу периоды,күн мен түннің алмасуы,жыл мезгілдерінің алмасуы(2,3-қосымша). 2-тапсырмада Күн жүйесі планеталарын салындар,олардың әрқайсысының орбита жазықтығының көлбеулілігін көрсетіңдер,әр планетаның осьтік айналу бағытын бағдарша(стрелка) арқылы белгілеп,жарық бөлетін сызық жүргізіңдер. Тапсырмаларды дәптерге орындаңыз.
3-тапсырманы орындау үшін келесі мәліметті қолданыңыз;

Бақылау орнының биіктігі(м)

Көкжиектің көзге көріну қашықтығы(км)

1

3,8

10

12,1

50

27,1

100

38,3

500

85,6

1000

121

3000

210

5000

271

10000

383

Қисықты құру үшін тіктөртбұрышты коорлинаталар жүйесі алынады. Бақылау орнының биіктігі абсцисса осіне,көкжиектің көріну қашықтығы ордината осіне салынады.100м дейін және одан жоғары барлық биіктіктерді қамту үшін 2 график құру ұсынылады.
Ұсынылатын масштаб; 100м дейінгі биіктік үшін 1;10\горизонталь\,1;400000\вертикаль\. 100м жоғары биіктік үшін 1;100000\горизонталь\,1;4000000\вертикаль\. Графиктер құруда сызба жұмыстарын орындауда келесі жайттарды есте ұстаған жөн;
1.Барлық сызба жұмыстары миллиметрлік қағазда әуелі қарандашпен орындалады,кейін қара түсті қаламмен үстінен бастырады,графиктерді компьютерде де құруға болады.Егер графикте бірнеше қисық болса,олар түрлі-түсті қарандаштармен немесе қара түсті қаламдармен сызылу керек.
2.Графикке байланысты көлденең және тік масштабтар әртүрлі немесе бірдей болулары мүмкін.
3.Әр графиктің айқын атауы болуы керек,масштабы көрсетілуі керек. Графиктің атауы сызбаның жоғарғы бөлігінде,масштабы төменгі жағында көрсетіледі. Барлық жазулар гельвый қаламмен жазылады.
4.Бақылау орнының биіктігіне байланысты көкжиектің көріну қашықтығының өзгеріс заңдылығын көрсете отырып,қисыққа талдау жасау және мәліметтер мен графикке негіздеп,жер пішіні шар тәрізді деуге келе ме?
5.Көкжиектің көріну қашықтығын анықтау үшін Монблан,Аконкагуа, Роман-Кош,Джомолунгма шыңдары алынады.Бұл шыңдардың биіктігі географиялық атлас жазылады;берілген шыңдар үшін көкжиектің көріну қашықтығының кестесін дәптерге құрындар.
4-тапсырманы орындауда карта бойынша сәйкес келетін мекендердің қашықтығын өлшеу қажет,ол үшін картаның масштабын қолданады. Қарама-қарсы жағалаулардың биіктігі 0 м қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет