Практикалық сабақтар №11 практикалық сабақ Тақырыбы: Литосфера. Литосфера құрамы.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Литосфераның құрамы мен құрлысынмен, материктік және мұхиттық жер бедерінің түрлерімен танысу.
Сабақтың жоспары:
1.Жер қыртысының құрлысымен, литосфералық тақталармен танысу.
2.Материктік және мұхиттық жер қыртысының айырмашылығын талдау.
3.Кескін картамен жұмыс.
1-тапсырма. Жердің ішкі қабатының және литосфераның құрлысын, кестесін сызып, талдау жасау.
2-тапсырма.Материктік және мұхиттық жер қыртысының айырмашылығына талдау жасаңыз.
3-тапсырма. Берілген сурет бойынша литосфералық тақталардың атауын тауып, жазу.
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші тапсырманы орындауда 15-қосымшадағы суретті және 16-қосымшадағы кестені пайдалану, екінші тапсырманы орындауда 3-суретті пайдалану ұсынылады және материкік және мұхиттық жер қыртысының қалыңдығының шамаларын меңгеру қажет. Үшінші тапсырманы орындауда 4-сурет, атлас, карталарды, тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану ұсынылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жердің сыртқы сфераларына не жатады?
2. Атмосфераның құрлымын сипаттаңыз?
3. Жердің ішкі сфераларының құрлымы қандай?
4. Жер қабатының құрылмы қандай?
5. Литосфераның құрлымы қандай?
6. Жердің тарихын қандай дәуірлер мен кезеңдерге бөлеміз?
7. Материктік жер қыртысың қандай басты белгілері бар?
8. Мұхиттық жер қыртысына тән басты белгілерді атаңдар?
9. Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштерді атаңдар?
10. Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерге мысал келтіріңдер.
11. Басты тау жасалу кезеңдерін атаңдар, нақты мысал келтіріңіздер.
Өткізу форматы: