Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет3/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР: Студенттерге тілдегі синтаксистік тұлғалар мен олардың мағыналық, тұлғалық түрлері жайында олардың байланысы, ерекшеліктері жайында мәліметерді «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» курсын ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту; болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеп,оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру; виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т.б. оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерту және оны жұмыс барысында оңтайлы пайдалана білуге үйрету.
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Сөз тіркесі, зерттелуі

конспект

1-апта




2

Есімді, етістікті сөз тіркестері

коллоквиум

2-апта




3

Сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдері

реферат

3-апта




4

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

мәлімет жинау

4-апта




5

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

конспект

5-апта




6

Сөйлемнің түрлері

коллоквиум

6-апта




7

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

реферат

7-апта




8

Сөйлемнің күрделену жолдары.

мәлімет жинау

8-апта




9



Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі

коллоквиум

9-апта




10

Сабақтас құрмалас

мәлімет жинау

10-апта




11

Салалас құрмалас

реферат

11-апта




12

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сабақтас сөйлемнің зерттелу жайы.

ғылыми ізденіс

12-апта




13

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі салалас сөйлемнің зерттелу жайы.

жоба

13-апта




14

Мәтін лингвистикасы

реферат

14-апта




15

Аралас құрмалас сөйлем зерттелуі

ғылыми ізденіс

15-апта






9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Дәріс тақырыбы: Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілері
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, байланысу тәсілдері
Жоспары:
1.Сөз тіркесінің зерттелу жайы.
2.Сөз тіркесімділік және оның мәні.
3. Сөз тіркесі тарихы туралы
Дәріс тезисі:
1. Синтаксис (гр.syntaxis) – «құрау» - грамматиканың морфология секілді өзекті салаларының бірі. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі 2) сөйлемнің синтаксисі. Біріншісінде, сөздердің өзара тіркесу қабылеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері қарастырылады. Екіншісінде, сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құралы, олардың түрлері қарастырылады.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі, сөйлем – кісінің ойын айтудың негізгі формасы.
Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады: бірі сөйлеудің (высказывание) құрылысы, жүйесі мағынасында,екіншісі тіл ғылымының (грамматикалық) бір саласының атауы мағынасында.
2. Әр ғылым саласының өзінің қалыптасу, даму, кемелдену кезеңі болады. Тіл білімін, оның бір бөлшегі грамматиканы да ертедегі филологтар қазіргідей саралаған жоқ. Олар фонетиканы, морфологияны синтаксис қатарында қарастырды. 1894-1897жылдары шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казахско-киргизского языка», А.Казам-Бек «Алтай тілінің грамматикасында», фонетика грамматикасының бір бөлегі болып морфологияны «этимология» деп атап,синтаксис мәселелерімен бірге қарады. Бірақ, бұл еңбектер қазақ тілінің дамуына өзіндік үлес тигізді.
2.Сөз тіркесі – синтаксистік бірлік.
Сөз тіркесі – сөйлем жасаудың негізгі материалы болуының өзісинтаксистің бір саласы екенін дәлелдеді. Алғашқы кезде сөз тіркесі бірде жай сөйлем синтаксисінде, кейде керісінше қаралып келді. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксистің жеке объектісі ретінде қарала бастады. Бұрын түркологияда Е.И.Убрятова, Аманжолов сөз тіркесінжай сөйлемнің ішінде қараса, қазір жеке синтаксистік бірлік ретінде бөлініп шықты. А.А.Гвоздев, Д.В.Фоменко «Словосочетание является ли единицей языка?» деген арнаулы мақала жазып, онда сөз тіркесі жеке қаралуға тиіс емес деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет