Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.
Дәріс тақырыбы: : Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері, түрлері, жасалуы Сағат саны:2 Негізгі сұрақтары: Қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу
Жоспары: 1.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері түрлері.
2.Сөз тіркестерінің байланысу түрлері
3. Сөз тіркестерінің жасалуы.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Дәріс тезисі: Сөз тіркестерінің басты бір саласы – байланысу тәсілдері. Қазіргі әдебиеттерде байланысу тәсілдерінің атауы жөнінде түрлі пікірлер бар. Убрятова, Гаджиева, Серебренниковтер сөздердің байланысу формаларын байланысу тәсілдері деп атайды. Ал қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері түрліше түсіндіріліп жүр.
Кей ғалымдар сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі, шылаулар, жалғаулар, интонация арқылы байланысады деп шектелсе, екінші бір топ ғалымдар бұған қоса аналитикалық, синтетикалық деп қоса көрсетеді.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары – құрмалас сөйлемнің басыңқы сөйлемі дәрежесінде қызмет ететін үлкен категория. Сондықтан басыңқы сыңарда кез-келген сөз таптары қолданыла бермейді. Мұнда зат есім, етістік ерекше аталады. Өйткені ол сөз таптары өзара немесе басқа сөз таптарын өзіне бағындыра жұмсалуда ерекше қызмет атқарады. К.Аханов пен М.Серғалиевтің үстеулі тіркеске бөлуіне Т.Сайрамбаев қарсы пікір білдіреді. Ол «біріншіден, үстеу басқа сөз таптарына қатысты жұмсалатын сөз табы, екіншіден, сөз жайы қазіргі кезде сөйлемді тиянақтауға қатысты жұмсалмайды, үшіншіден, үстеу сөз тіркестерінің басыңқы сыңарында жұмсалды делінгенмен оған бағыныңқы қызметте жұмсалатын сөз табы бар деп айта алмаймыз. Сондықтан үстеудің сөйлемді немесесөз тіркесін тиянақтау процесін әзірше көркем әдебиет дәлелдей алмайды».