Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет15/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Электрохимиялық коррозия – электр тогының пайда болуымен бірге жүретін электр өткізгіш ортадағы металдың тотығуы. Сонымен қатар, металдың қоршаған ортамен әрекеттесуі металл бетінің әртүрлі жерінде өтетін анодтық және катодтық үрдістермен сипатталады. Коррозия өнімдері тек анодтық аумақта пайда болады.
Электрохимиялық механизммен бірге келесі коррозиялық үрдістердің түрі өтеді:
электролиттердегі коррозия электр тогын өткізетін сұйық ортадағы металдардың коррозиясы; электролиттің түріне байланысты коррозияның теңіз немесе өзен суында, қышқылдар, негіздер және тұздардың ерітінділерінде жүреді (сәйкесінше қышқылды, сілтілі және тұзды коррозия); топырақ немесе жер коррозиясы топырақты электролит әсерінен пайда болатын жер асты металдық жабдықтарының коррозиясы;
электрлік коррозия электрофицирленген көлік немесе басқа өндірістік электрлік қондырғылар мен құрылыс рельстерінен тоқтың ағып кетуінен пайда болатын жерасты металдық құрылыстың коррозиясы;
атмосфералық коррозия металдың ауадағы немесе газды ортадағы коррозиясы;
биокоррозия коррозиялық үрдістерді тездететін микроағзалардың тіршілік нәтижесінде пайда болатын заттар әсерінен өтетін жер коррозияның жеке жағдайы;
байланыстық коррозия - әртүрлі электрохимиялық потенциалға ие екі металл арасындағы электрлік байланыстан туындайтын коррозия.
Атмосферада, теңіз және өзен суларында, сонымен бірге, топырақта немесе жерде қолданатын металдардың көпшілігіне электрохимиялық коррозия тән.
Атап өткен коррозия түрлерінен басқа кернеу әсерінен коррозия болуы да мүмкін (коррозиялық орта мен металдағы механикалық кернеудің бір уақыттағы әсері); жарықшақты коррозия – жіңішке саңылаулар мен жарықшақтарда электролит әсерінен металдың коррозиялық бұзылуының жылдамдауы (бұрандалық және фландық қосылыстарда); коррозиялық эррозия – коррозиялық орта мен қажалудың бір уақыттағы әсері; коррозиялық кавитация – қоршаған ортаның бір уақыттағы коррозиялық және екпінді әсері (винттердің еспелі күрекшелердің бұзылысы, ортадан тепкіш сораптардың жұмыс дөңгелектер күрекшелерінің коррозиясы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет