Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет28/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
атмосфералық коррозия – металдардың ауа атмосферасында немесе ылғалды газды ортадағы коррозиясы. Ауада ылғал болмаса темір баяу жылдамдықпен желінеді.

Мысалы, шөлді мекендерде болат бұйымдары ұзақ уақытқа дейін жылтырлығын жоғалтпайды.
Атмосфераның ылғалдылығы, температурасы және ластануы кезінде біршама айырмашылықтар болады, сондықтан да атмосфералық коррозия жылдамдығы түрлі аудандарда әртүрлі болады, мысалы, теңіз жағалауына қаншалықты жақын болса, ауа теңіз тұзымен, әсіресе NaCl соншалықты қаныққан болады. Өнеркәсіптік облыстарда ауа құрамында күкірт қышқылына айналатын SO2 жиі кездеседі. Іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде ауаға көп мөлшерде NO шығарылады. Қалалар мен индустриалды орталықтарда атмосфераға H2S көп мөлшері бөлінеді.
Атмосфераның агрессивтілігі бойынша келесі негізгі типтерін жіктеп көрсетуге болады: теңіздік, өнеркәсіптік, қалалық, ауылдық және арктикалық.
Атмосфераның агрессивтілігіне әсер ететін спецификалық факторларға (газдардан басқа) шаң-тозаң және ылғал жатады.
Атмосфералық жағдайларда түзілетін тот қабыршақтары қорғаныстық қасиетке ие болуы мүмкін, сондықтан да коррозия жылдамдығы уақыт өте төмендеуі мүмкін;
электрокоррозия – электрленген көліктер немесе басқа да өнеркәсіптік электр құрылғылары мен құрылымдардың (электрленген теміржолдар, метрополитендер, тұрақты тоқ беруші линиялары, жерасты металл құрылымдардың катодтық қорғаныс құрылғылары) жылыстау тоқтарының құрылымдарға енуімен болған жерасты металл құрылымдарының коррозиясы.
Бұл тоқтар кезбе тоқ атауына ие болған, олардың шамасы мен бағыты уақытқа тәуелді өзгеріп отырады.
Электрокоррозия үрдісінің қарқындылығын сипаттайтын негізгі шама - жерасты құрылымынан топыраққа ағып өтетін тоқ күші.
Жерасты құрылымынан келетін жылыстау тогының шамасы көптеген факторларға байланысты, көбінесе:

  • жердің меншікті кедергісі;

  • жердегі кезбе тоқтардың шамасы;

  • жерасты құрылымы мен кезбе тоқ көзінің орналасуы;

  • жерасты құрылымдарындағы оқшаулауыш жабынның сыртқы жағдайы;

  • жерасты құрылымының бойлық кедергісі;

  • түйіспелік коррозия – түрлі электрохимиялық потенциалды екі металдың электрлік түйісуінен болған коррозия.

Коррозия кернеу әсерінен коррозиялық орта мен металдағы механикалық кернеудің біруақытта әрекеттесуінен пайда болады;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет