Анодтық және катодтық реакция жылдамдықтарының теңдігі сәйкесінше φкорр ордината (ток күші) теңдігімен өрнектеледі. Бұл жағдайда тікелей өлшенетін электр тоғы жоқ екенін атап өту қажет. «Тоқ» сөзінің мағынасы, металл бетіндегі әсерлескен бөлшектер санын (немесе грамм-бөлшек) тоқ күшінің бірлігімен көрсетуге болады. Поляризационды диаграмма, мұнда жылдамдық координатасы тоқ тығыздығының логарифміlniнегізінде көрсетілген, 2-ші суретте кескінделген. Тоқ тығыздығы, коррозия жылдамдығы көрсеткіші ретінде сәйкесінше анодты немесе катодты тоқ өтетін беттің ауданы белгілі болғанда қолданады.
Абциссалар өсі бойынша әдетте потенциалды белгілейді, ал ординаталар өсі бойынша - анодты және катодты тоқ мәндерінің логарифмдері (мәндері қарама-қарсы бағытта болғанына қарамастан) белгіленеді.