Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Металдың коррозиялық төзімділігінің бағасы



бет54/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau

Металдың коррозиялық төзімділігінің бағасы




Металдардың коррозиялық төзімділігін келесі көрсеткіштер арқылы бағалауға болады:
а) бірлік уақыт және бірлік бетке қатысты коррозия кезіндегі металл массасының өзгеруі бойынша. Бұл шаманы коррозияның массалық көрсеткіші деп атайды:
(8)
мұндағы mбас және mсоң – сәйкесінше металл үлгісінің бастапқы және соңғы массасы: Sүлгі бетінің ауданы; τ - коррозияның уақыты;
б) бірлік уақыт және металдың бірлік бетіне қатысты газ коррозиясы (Н2, О2) кезіндегі бөлінетін немесе жұтылатын көлемі бойынша:
(9)
мұндағы Kкөл – коррозияның көлемдік көрсеткіші; V – шығатын (жұтылатын) газдың көлемі, см3;
в) бірлік уақыт аралығына қатысты және құйма бірліктерінде көрсетілген, металл үлгісінің қалыңдығының азаюы бойынша. Коррозияның бұл көрсеткіші бірлік уақыт аралығындағы металл бұзылуының орташа тереңдігін сипаттайды (мм/жыл):
(10)
мұндағы ρметалл тығыздығы, г/см3.
Аппараттың немесе құбырдың қалыңдығын анықтаған кезде техникалық есептеулер үшін мұндай көрсеткіш ыңғайлы;
г) коррозиялық тоқтың тығыздығы бойынша
(11)
мұндағы n – ерітіндіге айналатын металл валенттілігі; Aметалдың атомдық массасы; 26,8 – Фарадей тұрақтысы, А·сағ.
Металдың коррозиялық төзімділігінің сандық және сапалық бағасы үшін МЕСТ 13819 – 68 бойынша он баллдық коррозия төзімділігінің шкаласы бекітілген (1-кесте).
Коррозия кезінде заңды және маңызды металдардың коррозиялық төзімділігінің сандық бағасы үшін металдың кез келген қасиетін немесе сипаттамасын қолдануға болады. Сонымен, кристаларалық коррозияны механикалық (беріктілік) немесе физикалық (электр өткізгіштік) қасиеттерінің салыстырмалы өзгерісі бойынша бағалауға болады.


1-кесте-Металдардың жалпы коррозиялық төзімділігін бағалайтын он баллдық шкала, МЕСТ 13819 – 68

Төзімділік тобы

Металл коррозиясы-ның жылд, мм/жыл

Балл

Төзімділік тобы

Металл коррозиясының жылд, мм/жыл

Балл


Мүлтіксіз төзімді

<0,001

1



Төмен - төзімді

0,1-0,5
0,5-1,0

6
7

Айтарлықтай төзімді

0,001-0,005
0,005-0,01

2
3

Аз төзімді

1 0-5,0
5,010,0

8
9

Төзімді

0,01-0,05
0,05-0,1

4
5

Төзімді емес

10,0

10





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет