АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Еуропалық біліктілік шеңбері (EQF)
– ұлттық біліктіліктерді салыстыратын және білім терминінде, құзыреттілік және дағды терминдерінде әр қайсысы
сипатталған, бір біліктіліктің екінші біліктіліктен сапалық артықшылығын көрсететін сегіз деңгейден тұратын
құрылымдық кестені көрсетеді.
Ұлттық біліктілік шеңбері
- сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сәйкес келеді. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіби
стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай уәкілін айқындайды.
Дескрипторлар
- студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие
болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы.
Құзыреттер
– студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.
Негізгі (түйінді)құзыреттілік
– Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі
құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды.
Оқу нәтижелері
- білім, дағды, қабілеттер, құзыреттілік тілінде көрсетілген және білім беру бағдарламасының барлығын немесе бір бөлігін аяқтау арқылы білім
алушылардың түлектердің не істей алатындығын сипаттайтын студенттер мен түлектердің күтілетін және өлшенетін нақты жетістіктері.
6B – бакалавриат
БББ – білім беру бағдарламасы
ЖОО – жоғары оқу орындары
ЖК – жоғары оқу орнының компоненті
ЖБП-жалпы базалық пандер
МК-міндетті компонент
БП-базалық компонент
ТК-таңдау компоненті
КП-кәсіптендіру компоненті
|