Байланысты: Курстық жұмысты жазуға арналған Әдістемелік нұсқау
Беттердің рет саны Курстық жұмыс беттері араб сандарымен белгіленеді. Титулдық бетті жұмыстың жалпы нумерациясына енгізеді, онда рет саны қойылмайды. Рет саны көрсетілген 3 беттен басталады, беттің төменгі жағының ортасына.
Қосымшалар Қосымшаларды жұмыстың жалғасы ретінде береді, оны мәтіндегі сілтеме бойынша ретімен келтіреді. Әрбір қосымшаның тақырыбы болуы керек. Қосымшаның сол жақтағы төменгі бұрышында қандай дерек негізінде құрастырғанын көрсету керек. Әр қосымша жаңа беттен басталады. (Қосымша 1, Қосымша 2)
Қосымшада стандартталған немесе өз бетінше құрастырылған сауалнаманы, сабақтар немесе тәрбие іс-шараларының конспектілерін, бақылау хаттамаларын, мереке сценарийлерін, балалардың салған суреттерін, балалар фотосуреттерін және т.б жинастырылып беру қарастырылады.