Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
6В01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
білім беру бағдарламасының студенттері үшін
Қостанай, 2021
ӘЗІРЛЕУШІ
|
|
|
Кушмурзина Д.Х.
|
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
|
|
|
|
|
|
ҚАРАЛДЫ
|
|
|
Әдістемелік нұсқау кафедраның отырысында қаралды
|
(хаттама № __ « ____» _____20___ж.)
Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к. Ли Е.Д.
|
|
|
|
|
|
|
|
МАҚҰЛДАНДЫ және ҰСЫНЫЛДЫ
|
|
Әдістемелік нұсқау факультеттің әдістемелік бюросымен мақұлданды және ұсынылды
|
(хаттама № __ « ____» _____20___ж.)
|
|
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Курстық жұмыс (жоба) - оқу қызметінің маңызды түрі және мамандық профилі немесе пән бағдарламасы бойынша университет студенттерінің өз еркімен таңдап алған және оған жетекшісі ұсынған ғылыми зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың (жобаның) орындалу мақсаты:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық шеберлігін жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік және мәдениеттік міндеттерді шешуде қолдану;
2) өздік ғылыми жұмыстардың жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасау;
3) студенттердің өздік жұмыстарға қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында дайындығы, сонымен қатар олардың кәсіби кұзыреттілік деңгейін анықтау.
Курстық жұмыс (жоба) тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті мәселелерін өз еркімен меңгеру және зерттеу нәтижелерін қорыту.
Курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар):
1) мақсатты бағыттылықты;
2) нақты құрылымды;
3) берілген материалдың логикалық сабақтастығын;
4) зерттеудің тереңдігі мен сұрақтардың толық түсіндіруін;
5) дәлелдеуіді сеңдіруін;
6) тұжырымдамалардың дәлдігі мен қысқалығын;
7) жұмыс нәтижелерін баяндау нақтылығын;
8) қорытынды дәлелдігі мен негізделген ұсынымдарың;
9) талапқа сәйкес рәсімделуін қамтылуы тиіс.
Ол өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алып отыру керек.
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, ғылыми жетекшісі кафедра отырысында бекітіледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыптары түлектерді даярлайтын кафедра әзірлейді. Тақырыптар тізімі жыл сайын жаңартылып тұрады.
Бекітілген тақырыптар ішінен тақырып таңдап алуына студенттерге құқық беріледі. Студент өзінің де тақырыбын ұсына алады.
Бір тақырыпты екі студенттің таңдауы мүмкін емес, әр студенттің жұмыс тақырыбы дербес болуы керек. Зерттеу нысандары әр түрлі болғанда ғана тақырыптың тұжырымдамалары бірдей болуы мүмкін.
Курстық жұмыс (жоба), ҚА жұмысы бір ай басталар бұрын, міндетті түрде «Антиплагиат» жүйесінен тексерістен өтуі керек.
Курстық жұмыстың (жобаның) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдарды, монографияларды, периодикалық әдебиеттерді, дәріс курстарды, журналдарды, оның ішінде шет тілдегі нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеліп орындалады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫН ДАЙЫНДАУ, КЕЛІСІЛУ ЖӘНЕ БЕКІТІЛУ ТӘРТІБІ
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауды кафедраның пән оқытушысы дайындайды, кафедра мәжілісінде талқыланады және кафедра меңгерушісі қол қояды.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітіледі.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау кафедрада пәннің оқу-әдістемелік кешенінде сақталады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау жойылғанша немесе жаңасымен алмастырылғанша күшін сақтайды.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға өзгерістер кафедра меңгерушісінің көрсетуімен енгізіледі. Өзгертулер енгізу тәртібі жұмыс нұсқауларын келісілу тәртібімен бірдей.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға енгізілген өзгертулер негізгі мәтінімен бірге кафедрада сақталады.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дайындалған курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың мазмұнына және талаптардың орындалуына оны дайындаған пән оқытушысы, кафедра меңгерушісі жауапты.
КІРІСПЕ
Жоғары оқу орындарының жұмыс оқу жоспарларында пән бойынша студенттердің курстық жұмысты жазуы (орындау) қарастырылған. Бұл әдістемелік нұскау студенттердің курстық жұмысын жазу үшін ережелер мен ұсынылымдар ретінде қолданылады. Сондай-ақ, ол жұмысты орындау барысындағы студенттердің міндетін, оларға қойылатынталаптарды және курстық жұмысын қорғаудың тәртібін анықтайды. Курстық жұмыс студенттерде пәнді оқып-зерттеудің теориялық негіздерін өз бетінше зерттеу дағдыларын қалыптастырудың, ережелерді, қорытындыларды, заңдарды терең игерудің, болашақ маманның оның кәсіби қызметіне қажетті білімдерді өз бетінше алу мен жинақтаудың тәжрибесін қалыптастырудың маңызды тізбегі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралықжәне қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік Ережесі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беруұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» негізінде құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |