Білім беру бағдарламасының студенттері үшін Қостанай, 2021 Әзірлеуші



бет7/14
Дата25.02.2022
өлшемі48,18 Kb.
#133295
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Курстық жұмысты жазуға арналған Әдістемелік нұсқау
bairaktarov br moskalenko la ksenofontov as laboratornyi pra, арнайы білім реферат
«Кіріспе» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағында, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады. Кіріспенің көлемі шағын бір-екі бет болуы керек.
Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады, бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тауарлардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми-теориялық және есептеу-теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі. Негізгі бөлімнің көлемі А4 форматтағы компьютерде терілген 20-25 бетті.
Қорытынды бөлімінде жоспарда қойылған және негізгі бөлімде жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалады. Қорытынды 1-2 бетке ықшамдалып жазылады.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдар тіркеледі.


3. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Курстық жұмысты орындаушы студент оған қойылатын төмендегі талаптарды білу қажет:
- Зерттелген тақырып жалпы және дербес бөлімдерден жан-жақты, тереңтеориялық ашылуына басты басты назар аудару қажет.
- Курстық жұмысты әрбір тараудың негізгі мәселесінің мән-мағынасын анықтаудан және баяндаудан бастау керек. Мән-мағынаны баяндау дәлелді, ғылыми негізделген және түсінікті болуға тиісті. Теориялық жағдайлар және қорытындылар шындықтың нақты материалына сүйену, ал фактілер мен үлгілер кездейсоқ емес, әдеттегі болу керек.
Курстық жұмыс материалы логикалық жүйелі түрде баяндалады, сондықтан оның тақырыбын толықашу үшін студент:
- оған қатысты өкімет қаулылары, ҚР Президентінің жарлықтары;
- осы мәселеге арналған отандық және шетелдік ғылыми жұмыстарды оқып білуге;
- мерзімді басылымдағы мақалаларды зерттеуге тиісті. Жазбаша түрде материалды сауатты түрде баяндау;
- курстық жұмысты орындау мен білімді қалыптастырудағы маңызды кезең.
Өзіндік ақпарат жинау тәсілдерін игергеннен кейін студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру қажет, яғни таңдаған тақырыптың жоспарының мәселелерін логикалық жүйелі түрде ашу керек. Өзіндік шығармашылық сипатта баяндау қажет дегеніміз – студент жоспарының әрбір мәселесін өзі ойлаған схемаға сәйкес, цитаталарды дұрыс қолданып, оларды түсініктеме және мәтінде шамадан тыс асырмай, бір-бірімен логикалық байланысы жоқ үзінділер келтірмеуге, және талдаған теориялық жағдайларды практиалық қызметпен байланыстыруға тиісті. Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылу қажет. Баяндау стилі, тіл, қысқа сөйлем құрастыра білу, өз пікірін түсінікті түрде жеткізе білу маңызды роль атқарады. Терминдер, шартты белгілер мен қысқартудыңжалпы орныққан белгілерін қолдану қажет.
Жұмыс логикалық ретте, әдеби тілде жазылған болуы тиіс. Артық қолданған және күрделі құрастырылған сөйлемдерді, сонымен бірге өте қысқа сөйлемдерді, бір-бірімен нашар байланысып, екі ұғымды білдіретін сөйлемдерді және т.б. қолданбау кажет.
Жекеше түрде I жақта мазмұндау ұсынылмайды: «бақыладым», «есептеймін», «менің пікірімше» және т.б. «Біз» есімдігін мөлшерде қолдану, мүмкін болса, мүлде қолданбау. «Біз» есімдігінсіз көпше түрдегі I жақтағы «бақылаймыз», «белгілейміз», «қолымызда бар» тіркестерін қолдануға болады. Келесі сөз тіркестерін колдануға болады: «біздің көзқарасымыз бойынша», «біздің пікіріміз бойынша»; ең дұрысы былай жазу: «автордың пікірі бойынша» немесе осы мағынаны жақсыз формада қолдануға:«педагогикалық тәжірибені зерттеу ............. куәландырады», «жүргізілген зерттеулер .............растады» және т.б.
Курстық жұмысты мазмұндау стилінің бірлігі сақталуы тиіс, қазіргі қазақ тілінің формаларына сәйкес орфографиялық, синтаксистік және стилистикалық сауаттылық қамтамасыз етілген болуы керек. Берілген жұмыстың ұғымдарында шешуші деректердің бір мағынада қолданылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет