Курс жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан құрылады. Курстық жұмысты мына мерзімде орындауды ұсынылады: Әр тарауға – 2-3 апта, Қорытынды – 1-2 апта, Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құруға – 3-5 күн.
Сонымен қатар жұмыстың құрлымдық элемменттерінің келесі көлемдері ұсынылады: Кіріспе – 1-2 бет, қорытынды – 1-2 бет, әр тарауға 10-15 бет, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне – 1 бет.
Графикалық есептеу бөлімінде слайдтардың орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. Кемінде А4 форматта 3 слайд орындау ұсынылады.
Аннотацияда (аңдатпа) курс жұмысы жайлы қысқаша мәлімет және жалпы сипаттамада курс жұмысының көлемі, кестелер, схемалар, қосымшалар жайлы мәлімет көрсетіледі.
Мазмұнында кіріспе, бөлімдер мен білімшелердің аталуы, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар көрсетіледі.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу тақырыбы, зерттеу нысаны (объект), зерттеу пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу мақсаты мен міндеті, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қысқаша анықталады. Қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын (бақылау, тәрбие жүргізу, салыстырмалы сараптау, т.б.), қандай материалдармен жұмыс жасағанын (әдебиеттер, тыңдалған баяндамалар, оқу құралдары) көрсетеді. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі.
- зерттеу тақырыбының өзектілігі
- зерттеу тақырыбы
- зерттеу мақсаты
- зерттеу міндеттері
- зерттеу нысаны
- зерттеу пәні
- зерттеудің ғылыми болжамы
- зерттеудің әдіснамалық негізі
- зерттеу әдістері
- зерттеудің теориялық маңыздылығы
- зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы
- курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы
Өзектіліктікайқындығы көп сөзді болмауы керек, оны алыстан сипаттап керегі жоқ. Бастысы – мәселелі жағдайдың мәнін көрсетіп, зерттеу пәнін білу және білмеу аралығындағы шекараны көрсете білу керек. Ғылыми мәселені тұжырымдап, логикалық түрде зерттеудің мақсатына көшу керек, сондай-ақ осы мақсатпен шешетін нақты міндеттерін көрсету керек. Бұл әдетте санамалы түрде көрсетіледі (үйрену..., сипаттау..., белгілеу..., айқындау..., анықтау..., және т.б). Тұжырымдалған міндеттерді мұқият орындау керек, өйткені олардың сипаттау шешімдері жұмыстың мазмұнын құрастыруы тиіс.
Сонымен қатар, зерттеуге ұсынылатын курстық, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) бөлімі мен бөлімшелер тақырыптарын тұжырымдалған міндеттерін туындайды.
Кіріспенің міндетті элементі: нысан мен пәні болып табылады. Нысан – зерттеу үшін таңдалған және мәселелі жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс. Пән – нысан шекарасында қарастырылады. Нысан және зерттеу пәні өзара жалпы және жеке қатынастағы ғылыми процестің категориясы. Нысанда зерттеу пәніне қызмет ететін бөлімі анықталады.