2. Курстық жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс анықтамалық мазмұны мен графикалық бөлімінен тұрады. Анықтамалық мазмұнға төмендегідей құрылымдық бөліктер кіреді: - титул парағы;
- жұмысты (жобаны) орындау бойынша тапсырмалар;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім, екі тараудан құралған жұмыстың мазмұны;
- қорытынды (түйіндер);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар;
- ерекшеліктері (қысқартулар, шартты белгілер тізімдері және т.б.).
Курстық жұмыстың титул парағы А4 форматтағы параққа (қолжазба, компьютерде терілген) толтырылады. Титул парағындағы сөздер мен тақырыптар тасымалданбайды. Соңында нүкте қойылмайды.