Байқауға құжаттар қабылдау мерзімі: 18.09.2021, сағат 21.00-ге дейін. (Нұр-Сұлтан уақытымен).
Құжаттары дұрыс рәсімделмеген және белгіленген уақыттан кешіккен қатысушылардың өтініштері қаралмайды.
Байқауға қатысушылар: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері, жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, ОАОО және ЖОО-ның оқытушылары, жас педагогтер, ардагер ұстаздар. Конкурсқа қатысушының педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы керек. «Үздік жас педагог» номинациясына қатысушы жас маманның еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы шарт.
Байқауға қатысу жолдары:
Өзін ұсыну; Жеңімпаздар ашық конкурстық жүйе бойынша анықталатын болғандықтан Қазақстан Республикасы шеңберінде қызмет жасайтын кез-келген педагог конкурсқа өзін ұсыну арқылы қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |