Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың ұсынысы арқылы.
Байқау шарттары: (Барлық құжаттардың үлгісі қосымша тіркелді.) Байқауға қатысу үшін Өтініш немесе Ұсыныс. (Үлгісі тіркелді). Номинация атауын көрсетуі қажет.
Жетістіктерін растайтын портфолионың электронды нұсқасы. (Слайд түрінде немесе арнайы папкаға жинақтап, архивтелген нұсқасын жібересіз).
Барлық құжаттар 18 қыркүйек сағат 21.00-гедейін ҚПРҚ-ның ped-kogam@mail.ru электронды почтасына қабылданады.
Байқауға қатысу - тегін.
Байқау жеңімпаздары: Байқау жеңімпаздарын арнайы жасақталған конкурстық комиссия мүшелері және ҚПРҚ-ның Ардагер ұстаздар кеңесі анықтайды.
Конкурсқа құжаттар қабылдау 18 қыркүйек сағат 21.00-де тоқтатылады.
Конкурстық комиссия жұмысы 19 қыркүйек сағат 9.00-ден бастап, сағат 21.00-ге дейін 3 секция бойынша жүргізіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша анықталған байқау жеңімпаздарына марапаттарын әзірлеу, ұйымдастыру жұмыстарына және қайырымдылық іс-шараларына қосымша жарна тағайындалуы мүмкін.