«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет17/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75124
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
музыка теориясының негіздері

Теориялық мәліметтер:

Мектептегі музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын сапалы түрде өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндеті.Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде,жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп,жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология,педагогика,тіл мен әдебиет,философия,әлеуметтану,медицина,көркемөнер мен бейнелеу т.б. хабардар болуы керек.

Музыка сабағының ықпалы тартымды ,қызықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне,оның терең де сиқырлы түбіне бойлай түсуі үшін көркемсуреттің үлкен әсері бар.Көркемсуреттің негізгі әсері қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу,жоқтау тағы басқа әдеп-ғұрыптарда айтылатын музыкалық жанрлар осы халықтың өмірімен,тарихымен тікелей байланысты.

Қандай музыкалық шығарма болмасын адам тарихымен байланысты десек, бастауыш сыныптарда таныстырылатын музыкалық шығармалардың,әндердің, күйлердің шығуына себепкер өзіндік тарихын оқушыларға түсіндіру кезеңінде музыка сабағын тарих пәнімен тығыз байланыстырамыз.

Жалпыға білім беретін мектептердегі музыка пән тәрбие және оқытудың мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту , музыкалық мәдениетті қалыптастыру, адамгершшілік қасиеттерін жоғарғы дәрежеге, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бақылауға дұрыс бағыт беру болып табылады.мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы – біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғарғы идеялық – адамгершілікке және адамзаттық қасиеттерге дағдыландыру болғандықтан- музыка мұғаліміне музыка саба,ының жоғарғы дәрежеде өтіп, жалшы тәрбие беру ісінде ерекше жоғарғы деңгейде міндеттер қойылады.

Музыкалық тәрбие беру педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына дидактикалық принциптеріне сүйненеді. Дидактикалық негізгі мәселелер оқыту пройесінің заңдылығын ашу,білімнің мазмұнын анықау, оқытудың барынша тиіиді әдіс тәсілдерімен ұйымдастыру түрлерін тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету. “Музыка” сабағы қазіргі кезде педагогика ғылымның жетістігіне сай, түрлі методикалық жайттарымен өткізіліп, оқу сапасы артуда.

Оқушылардың музыкалық творчествоға қызығушылығын күшейту үшін музыка тексін қабылдауға ғана емес, студенттердің дүние танымының қалыптасуына барынша толық ықпал жасайтын , олардың ең алдымен шығармалардың музыкалық бейнелі мазмұнша және идеялық бағытына бағдарлайтын оқыту формаларын, тәсілдері мен құралдарын таңдап алуға тырысқан.

Оқыту мен тәрбиелеу біртұтас педагогикалық процес болып табылады. Оқу тәрбие процесінің жекелеген проблемасын нақтылау мақсатымен шартты түрде үш салаға бөлген.

1.Музыкалық теориялық білімді игеру, мұнсыз музыкалық іс- әрекетпен айналысуға болмайды.

2.Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойнаумен, эмоциямен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық- физиологиялық процесс екенін еске ала отырып, ансамбльде, аспапта ойнау дағдыларымен шеберліктерін , басқа да маңфызды қасиеттерді қалыптастыру.

3.Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қоғамдық белсенділігін арттыру және олардың бойында жоғары идеялық саяси, эстетикалық, адамгершілік мұраттарын тәрбиелеу.

Көркемдік тәрбиелеу бір компоненті музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбие –адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаны және жүйелеп дамыту, оның бойына музыкаға тебреніп- толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметінің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әр бір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім.

Музыкалық педагогикалық білімнің қалыптасу олардың көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілері ретінде професионалдық бейімдеуіне жан-жақты жәрдемін тигізеді, өиткені музыкалық пәндерінің өз ерекшеліктері, музыкалық шығармалны қабылдау, игеру процесінде белсенді творчестволық ойлауды дамытуға, білімді игеру процесін басқара білуге мүмкіндік туғызады.

Музыкалық білім берудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылады: “Мысалы, Оқыта отырып тәрбиелеу принципінің” философиялық-эстетикалық, көркем психологиялық бағыттарына тоқталайық.

Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Музыка сабағындағы әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырмалық қандай маңызы бар екендігіне есеп беру тиіс.

Музыкалық кәсіби білім алудың алғашқы кезеңінде оқушылардың қабылдау қабілетінің психологиялық проблемалары өте көп. Оқушылардың эстетикалық сезімі мен музыкалық толымына әсер етуші факторларды халықтық музыка негізінде оқыту ерекшеліктерін зерттеу басты міндет болып саналады. Музыкалық білім берудің музыкатану санасы байынша халқымыздың ертедегі музыкалық мәдениетіне, өнер тұлғаларының қазақ мәдениеті тарихындағы орнына, музыка мәдениетінің көне дәуіріне қатысты тарихи мәселелерге ден қоюшылық байқалады.

Музыка – эстетика санасынан оқушыларға тұрақты білім дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка санасынан білім беріп, әнді айту, күйді тыңдау дағдыларын үйретіп, музыкалық өз практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана-сезіміне әсер етіп, олардың білгерлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүиіспеншілігін одан әрі тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру деген сөз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет