5. Бақылау сұрақтары:
Музыкалық қабілетті дамыту жолдары дегеніміз не?
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу дегеніміз не?
Музыканың рухани байлықтың қалыптасуына ықпалы қандай?
Музыканы қабылдауға байланысты жинақталған тәжірибелер оқушыға өз ықпалын тигізеді ме?
№ 8 Лекция
1. Сабақтың тақырыбы: Халықтық және классикалық жанр жүйесін оқыту
2. Сабақтың жоспары:
Өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жанр түсінігі.
Музыкалық жанрдың ұлкен топтарға жіктелуі.
Дауысқа жазылған музыка.
Аспаптық музыка.
3. Сабақтың мақсаты:
Халықтық және классикалық жанр жүйесін оқыту
4. Теориялық мәліметтер:
Жанр - өнер шығармаларының тарих қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып , мазмұны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір тұрақты белгілерін сақтап келеді.
Музыкалық жанр – көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құралы. Алғашқы кезеңде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композиторлық стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.
Қандай болмасын музыкалық жанрлардың өзіндік ұлттық ерекшелік қасиеттері бар. Қазақ музыка жанрында да өзінің кешегісі мен бүгінгісін баяндайтын ұлттық түрге бояуға бай. Сондықтан да олардың мазмұны өзгеріп жаңарып отырады. өткен өмірдің желісі мен жазылған қайғылы мүң музыкалары қазіргі заманның тілек – мүддесімен үштасып жаңа жаңарған ұлттық тұрге ауысты. Сонымен байланысты оның мазмұны да түріде өзгеріп дамыды.
Жанр музыкалық шығармалардың түрлері деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз Франсуздар тілінен жалпы халықтың искусстволық сөзге айналды. Жаныр деудің орнына түр деп айтыладыф екен.
Музыка негізінде халықтық. Осы күнге әдебиеттерде халықтың музыка деп бір бөлік айтылады да жеке композиторлардың атымен (Шопендікі, Моцарттікі, Бахтікі, Құрманғазыкікі т.б.) аталады. Әрине қай музыканыда жеке адам шығарады, сондықтан композитор белгілі музыкалардыда халықтікі (франсуздікі, немістікі, орыстікі) деп те атасақ орынсыз болмайтын сияқты.
Театрларда теледидар, радиоларда диктордың ария , симфония т.б. тыңдаңыздар деген сөзін дәл ұғынып отыру үшін музыка жанырларының аттарымен анықтамаларын біліп алған жөн.
Музыкалық өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанырлық түрлерге бөлінеді, музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:
а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптық);
ә) эстрадалық музыка;
б) камералық музыка ;
в) симфониялық музыка;
г) хорға арналған музыка;
д) сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығарма.
Әр халықтың өзіне тән музыкалық өнері бар. Қазақ халық музыкасы ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатыр. Қазақ әндерімен аспапқа жазылған шығармалары түрі мен мазмұны жағынан өте бай, әрі сан алуан болып келгендіктен, жаңа заман кезінде кешікпей кәсіби хор ән , би ансамблі, опера, халық аспаптар оркестрі өнерлерінің пайда болуына тікелей көмектесті. Ұлттық әншілік өнердің дамуы ХІХ ғасырда сал, серіліктің қалыптасып , қанат жайыуы мен тығыз байланысты. Ал аспаптық өнер халқымыздың бойына сіңірген қасиеті, ерте заманнан қалыптасып біздің заманымызға дейін келіп жетті. Бұған дәлел Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дина шығармалары.
Эстрадалық музыка вокалдық аспаптардың орындауындағы шығарма және сол аспаптардың сүйемелдеуінде айтылатын ән.
Камералық музыка деп музыка аспатармен дауысқа раналып жазылған соло (жеке), дует (екі), трио (үш), квартет (төрт) т.б. түрлі ансамбілдердің орындайтын шығармаларын айтамыз. Камера деген сөз латын тілінен шыққан , бөлме деген ұғымды білдіреді. ХVІ ғасырда камералық шығармалар аз кісілер үшін бөлмеде ойналатын. ХІХ ғасырдан үлкен залдарға шыға бастады.
Симфония – грек халқының сөзі, «дыбыстар бірлестігі » деген мағынада. Симфониялық музыка ең ірі жанрлардың бірі . Симфониялық оркестрде орындауға арналған негізінен сонаталық циклді формадағы музыкалық шығарма. Кейбір симфонияға ор мен жеке әншілер де қатысады. әдетте ол 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – сонаталық аллегро, екінші – баян лирикалық, үшінші – менуэт немесе скрецо, төртінші- көбінерондағы ұқсас финал. Симфония – аспаптық музыканың идея мен ойды барынша жетік бейнелейтін түрі.
Симфонияның жетілген аса дамыған түрлері Вена класикалық мектебі композиторлары (Гайдн, Моцарт, Бетховен) шығармашылығында қалыптасқан.
Хор – вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Басқа өнер түрлері сияқты хор өнері де қоғмдық ой-сананың негізгі бір формасы. Хор – саз өнері, музык , орындаушылық шыберлігі, көркемдік бейнелеу, сахна т.б. өнердің амал-тәсілдерін бойын жинаған синтездік өнер. Хормен ән салу өнері еліміздегі жалпы музыка мәдениетінің өсу саласында аса маңызды орын алады.
Бүгінгі таңда музыканың сүйемелдеуінсіз драмалық спектакілдерді театрлардан кездестіру мүмкін емес. Аспаптық және вокалдық музыка драмалық қойылымды толықтырады, пьессаның мағынасын ашуға көмектеседі, шығарманың характерін беруге көптеп септігін тигізеді. Сахнада орындалған ән немесе би театралдық – драмалық қойылымды жандандыра түседі.
Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: дауысқа жазылған музыка және сөзі жоқ мелодияға (сазға) жазылған аспаптық музыка. Бұлардың әрқайсысы бірнеше түрге бөлінеді. Айталық, сөзге жазылған музыка ән, ария, терме, айтыс, романс, каватина, баллада, т.б. болып бөлінеді. Бұларды екінші сөзбен айтқанда жалпы музыкада әнді музыка деп атайды. Вокал деген сөз дауыс деген ұғымды білдіреді, солай болғандықтан бұлардың қай-қайсысында да адам даусы негізгі роль атқарады. Бұны қазақ тілінде дауысқа жазылған музыка деп атайды.
Аспаптық музыка дегеніміз–аспаптар сазының үндесінен туатын музыка. Аспаптық музыка да бірнешеге бөлінеді: жыр, ертегі, мадақтау, не жоқтау одаларын, күй, сюит , соната, симфония, болет т.б.
Музыка жанырларының бөліну тәртібі олардың тұрлеріне байланысты, яғни идеялық нысанаға алынған материялдың түрлі аспаптармен белгілеу құрылымына қарай тұр-тұрге ажыратыла бөлініп әр қайсысы өзіндік атауға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |