Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Қазіргі әлемдегі діни қақтығыстар



бет34/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Қазіргі әлемдегі діни қақтығыстар

Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мәселелерінің бірі ретінде экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм мәдени, экономикалық және заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, әртүрлі мәдениеттегі халықтардың және діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Қазіргі өркениет пен дәстүрлі діндер туралы көзқарастар қарама-қайшылықтарға ие болуда. Батыста мемлекеттік шекараны алып тастап, біріккен Еуропаны құру мақсатында, дәстүрді жеңілдету мақсатында, конфессиялардың тарапынан негативті қарама-қайшы пікірлердің пайда болуынан қарқынды таластарды тудыруда. Шығыста дәстүрлердің қақтығыстары өркениет заманында жаппай қантөгісті алып келуде. Бұған дәлел қазіргі таңдағы алыс және жақын шетелдердегі қоғамдық-саяси хал-ахуалы дәлел. Қазіргі таңда діни наным-сенім жағ­дайында жалпы экстремизм деген терминге ғалымдар ортақ бір нақты мазмұн беретін анықтама берген жоқ. Сан түрлі пікірлер айтылуда. Нақтылап заңи тұрғыда айтатын болсақ қоршаған ортаға, қоғамға үлкен қауіпті құбылыс. «Діни экстремизм» бұл қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Қоғамда зайырлықты қалыптастырмау үшін, оған қарсы әрекеттер жүргізе отырып, қоғамға белгілі бір діни конфессиялар арқылы, діни ағымдар бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын жүргізуде. Жоғарыда аталған іс-әрекет­терді жасайтындарды қоғам тұлғалары экстремистер деп атайды.

Соңғы  уақыттары экстремистер өз мақсат­тарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ре­тінде қолданып, әлем жұрт­шылығын алаң­датып отыр. Экстремизм­нің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақ­тық тұтастығына, азаматтардың құқы­ғына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіп­ті түрі – дінді жамылып, діни наным сенімдерді ұрандата бүр­кемелеп ұлттар мен діндер арасына қарама-қайшы бір-біріне от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі.

Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Халыққа өз діни идеологиясына сүйене, соған сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекетті құру негізгі ұштасқан мақсаттарының қатарына жатады. Қоғамдық пікірге сүйене келе діни экстремизм бұл діни фана­тизмнің тысқары шектен шыққан түрі. Яғни, кез келген экстремизмнің мәні насихат жүргізушілердің пікірлеріне құлақ аспай қосылмаған­дарға зорлық-зомбылық әрекеттерді ұштастыра отырып көрсету болып табылады. Діни экстремизм ғаламды жер шарындағы өмір сүріп жатқан адамзат қоғамына өзіндік сипатына тән көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясын қалыптастырып дамыту мақсатында әрекет етуді ұйымдастырады.

Терроризмнің шыңға шығып өркендеуі діни экстремизммен тығыз байланысты. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан қоғамымызда діни экстремизм қарқынды бағытта қанатын жайып, қоғамымызды дүрліктіру жолында. Халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу үшін барлық қоғам мүшелерімен ұйымдаса отырып, бірігіп күшейту қажет. Себебі жеке дара бұл күшпен күресу мүмкін емес, күресу үшін жаппай біріге отырып жеңу жолдарын қарастыру қажеттігі туындап отыр.

Дерек көзі: https://massaget.kz/blogs/16201





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет