Өткізу күні: Елбасы Көшбасшылығының сабақтары барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 29 қарашада өткізіледі.
Қатысушылар: ашық сабақтарға бар 6992 жалпы білім беретін мектептегі 3 млн.162 мың білім алушы қатысатын болады.
Шақырылғандар: шақырылған дәріскерлер ретінде Парламент депутаттары, «Нұр Отан», «Жас Отан» партияларының өкілдері, сондай-ақ өңірлердің, еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйлей алады.
Сабақтың мақсаты:
білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру;
Сабақтың міндеттері:
білім алушылардың қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейту;
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы білім алушылардың білімін тереңдету;
ҚР Тұңғыш Президенті– Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының экономикалық жаңғыруындағы рөлі туралы білім алушылардың білімін тереңдету;
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалары, оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі туралы білім алушылардың білімін кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |