Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет4/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Сабақтың барысы.

Қазақстан Республикасының Гимні ойнайды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі (1,5 минут)

Ұсынымдар: Мұғалім білім алушыларды сабақ мақсатын атап, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы рөлі туралы қысқаша ақпарат береді, сабақ құрылымымен таныстырады және сабақтың нәтижесінде әрбір білім алушының өзінің тұлғалық өсуіне себеп болатын қорытынды жасауы тиіс екенін түсіндіреді.

1. Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы бейнероликті (презентацияны) көру (5 минут).

Ұсынымдар: Бейнероликте немесе презентацияда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің барлық жақтары, оның ішінде өмірбаяндық деректері қысқаша көрсетілуі тиіс.

2. Ойын. Бағдарламаларды дайындау (10 минут).

Ұсынымдар: Білім алушылар 2-4 командаға бөлінеді, олардың әрқайсысы өзінің сайлау алды бағдарламасы бар партия болады. Әрбір партия өз атауын таңдап, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне сүйене отырып бағдарлама әзірлеуі тиіс. Бұл үшін топтарға Президенттің қызметі туралы ақпараты бар үлестірмелі материалдар таратылады немесе, мүмкін болған жағдайда, ақпаратты интернеттен іздеу ұсынылады. Бағдарламаға қосымша әрбір команда Тұңғыш Президент – Елбасының қызметі бойынша басқа командаларға арналған сұрақтар дайындайды.

  1. Бағдарламаларды ұсыну (15 минут).

Ұсынымдар: Әрбір топқа бағдарламасын ұсыну үшін 3-4 минут беріледі. Бұл жерде топтың бір мүшесі немесе бірнеше мүшесі сөйлеуі мүмкін. Хабарлама әртүрлі формада болуы мүмкін, соңында аудитория немесе сайланған қазылар алқасы тарапынан хабарламалар бағаланады (мұғалімнің алдын-ала шешімі бойынша балл қойылады, қошемет білдіріледі немесе ауызша айтылады). Жеңімпаз үздік бағдарлама үшін дауыс беру нәтижелері және сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы бойынша анықталады.

Рефлексия: білім алушылар осы сабақтан өздерінің тұлғалық өсуіне себеп болатындай не алды? (8 минут)

Уақыт капсуласын дайындау – бұл болашақтағы өзіңізге арналған болашаққа хабарлама. Капсуланың ең қарапайым және берік түрі – пластик құты немесе контейнер, оның ішіне өткеннен сәлемі және жолдауы бар хат салынады. Білім алушылар өздеріне жолдау жазады.

Болашақтағы өзіне жолдау: мұғалім білім алушыларға ойланып, төмендегі сұрақтардың біріне ауызша немесе шағын эссе түрінде жауап беруді ұсынады:


  • Болашақта өзімді қандай дам ретінде елестетемін?

  • Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бойында бар қандай қасиетті міндетті түрде өз бойымда дамытамын?

  • Қазақстанның дамуына қандай үлес қосар едім?

Ұсынымдар: Сұрақтар тізімін мұғалім өз қалауы бойынша өзгерте алады.

Білім алушылардың қалауы бойынша жолдауларды іріктеп оқуға болады. Соңында барлық жолдаулар контейнерлерге салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет