Білім алушыларға арналған ақпарат (үлестірмелі материалдар)
Қазақстан Республикасы Президентінің айырым белгілері
Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі.
Айырым белгілерінің бірі – мемлекеттің жоғары лауазымды адамының ресми белгісі болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі. Ол сегіз қырлы көп сәулелі жұлдыз түрінде. Жұлдыздың ортасында - медальон, оның жиегінде алтын әріптермен «Қазақстан Президенті» деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Президенті омырауға тағатын белгіні ұлықтау рәсіміне, мемлекеттік мерекелер кезінде, әскери шерулер өткізгенде және шет мемлекеттерден келген ресми тұлғаларды қабылдау кезінде тағады.
Байрақ.
Президент билігінің тағы бір нышаны – оның жеке байрағы – Штандарт. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме.
Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады, шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.
«Алтын Қыран» ордені.
Республика Президентi қызметi бойынша «Алтын Қыран» орденiнiң иесi болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» № 2676 Заңына сәйкес «Алтын Қыран» (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi. «Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады.
spktaraz.kz/rus/kazakhstan/...
Достарыңызбен бөлісу: |