Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет37/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Өткізу түрі: кейс-технологияны қолдану арқылы топтық жұмыс.
Сабақ өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: видеоролик, презентациялар, ҚР рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, топтарда жұмыс істеу үшін үлестірмелі материал (әлемдік және жергілікті экологиялық мәселелер туралы, Н. Ә. Назарбаевтың қызметі туралы ақпарат).
САБАҚ БАРЫСЫ
1-кезең (6 мин).

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұғалім білім алушыларды сабақ мақсатымен таныстырады, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президент

Н. Ә. Назарбаевтың рөлі туралы қысқаша ақпарат береді, сабақтың құрылымымен таныстырады және осы сабақтың қорытындысы бойынша әрбір білім алушы өзінің жеке дамуына қажеттісін алуы тиіс екенін түсіндіреді.

Әлемдік және жергілікті экологиялық мәселелер туралы бейне / презентация ұсынылады (https://youtu.be/ckLY3-dEg6Q). Мұғалім сонымен қатар ауызша ақпарат береді (қосымша). Бейнеклип немесе презентация ғаламдық және жергілікті экологиялық проблемалар туралы болуы қажет.


2-кезең (10 мин.)

1).Топтарда жұмыс жасау. Мұғалім білім алушыларға топқа бөлінуді ұсынады және тапсырма береді:

1. Мәселесіні тұжырымдау.

2. Осы мәселе бойынша шешу жолдарын ұсыну, шешімдердің «дұрыс» және «бұрыс» дәлелдерін ұсыну.

2) Сынып 2-3 командаға бөлінеді. Топтарға экологиялық мәселелер бойынша мәлімет таратылады немесе мүмкіндік болса, ақпарат іздеу үшін Интернет желісі ұсынылады.

Әр топ зерттеліп отырған мәселе бойынша басқа топтарға сұрақтар дайындай алады.


3-кезең (10 мин.)

Топтар жұмыстарының қорытындысымен таныстырады (10мин). Әр хабарлама үшін 3-4 минут уақыт беріледі. Хабарлама нысаны әр түрлі. Бұл топтың бір немесе бірнеше мүшесі жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Хабарлама аудиториямен (немесе қазылар алқасы) балл, қол шапалақтау немесе жай пікірмен (мұғалімнің қалауы бойынша) бағалануы тиіс. Үздік шешім үшін дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады.


4-кезең (5 мин.)

Ұстаз Н.Назарбаевтың экологиялық мәселелерді шешуге қосқан үлесі туралы ақпарат береді. 2002 жылы Йоханнесбургтегі тұрақты даму саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ аясында жаһандық экологиялық мәселелер тізілімін құруды ұсынды. Бұл бастаманы Елбасы кейінірек те айтты. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысында Н.Назарбаев: «Қазақстанда экологиялық проблемалардың тізілімі жасалды, біз әлемдік қауымдастыққа біздің үлгіге сәйкес экологиялық проблемалардың жаһандық тізілімін құру туралы ұсыныс жасаймыз» - деді. Нұрсұлтан Назарбаев Аралды құтқарудың халықаралық қоры құрылғаны туралы және онда қазіргі кезде Қазақстан жетекші рөл атқаратынын еске салды. Арнайы жобаның арқасында Кіші Аралды жандандыру мүмкін болды, енді Қазақстан Аралды құтқару қорына БҰҰ мекемесі мәртебесін беру арқылы осы бағыттағы халықаралық күш-жігерді арттыруды ұсынады.

Арнайы жоба есебінен Кіші Арал жандандырылды және енді Қазақстан Аралды құтқару қорына БҰҰ институты мәртебесін беру есебінен осы бағытта халықаралық күш-жігерді көбейтуді ұсынады.

Елбасы өркениеттер серіктестігі арқылы жаһандық дағдарыстан шығудың жаңа тәсілдерін атап өтеді. Мұндай әріптестік тетіктерінің бірі ретінде Елбасы алғаш рет 3-ші Астана экономикалық форумында ұсынған "Жасыл көпір" бастамасы болды, содан кейін Қазақстан 2010 жылғы 27 қыркүйек-2 қазан аралығында өткен Азия-Тынық мұхиты аймағын дамыту және қоршаған орта министрлерінің 6 – шы конференциясында ұсынды. Қазақстан Республикасының астанасында ол бір ауыздан мақұлданып, конференцияның барлық тараптары Министрлер декларациясымен және Аймақтық жүзеге асыру жоспарымен қатар негізгі құжат ретінде қабылданды.

Бастаманың негізгі мақсаты "Жасыл экономиканы" ілгерілету бойынша Еуропа, Азия және Тынық мұхит елдерінің серіктестігіне, сондай-ақ мемлекеттік, жеке сектор, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың серіктестігіне жәрдемдесу болып табылады. Астана бастамасы жасыл экономиканы және тұрақты даму мақсаттарын қолдау үшін инвестициялық жобалар топтамасымен бірге 2010-2020 жылдарға арналған Әріптестік бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды көздеді.

Біздің басты мақсатымыз сол қалпында қалады - ірі табиғи экожүйелердің ғаламдық экологиялық тепе-теңдігін, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанның джунгли, Сібір тайга, Ресейдің, Қазақстан және Монголия оңтүстігіндегі дала, мұхит рифтері, Тянь-Шаньның тау экожүйелері, Гималай, планетарлық климатты және ғаламдық климатты қолдайтын су циклдары мен режимдерін сақтау қажеттілігі.

Ол үшін дамыған елдер өздерінің жаңа жасыл технологияларын ұсынуы керек, ал дамушы елдер - оларды жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдай жасауы керек. Барлық серіктес елдер жасыл технологияны қолдану арқылы шығарылатын өнімдерге еркін нарық ұсынады.

http://www.akorda.kz/ru/events/prezident-kazahstana-nursultan-nazarbaev-vystupil-na-debatah-62-i-sessii-generalnoi-assamblei-organizacii-obedinennyh-nacii-v-nyu-iorke-s-in

Қосымша
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. https://kk.wikipedia.org/wiki/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет