Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалары



бет10/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалары

1992 жылғы 16 мамырда «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» қабылданды, онда ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары айқындалды. Онда: «Республикадағы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің орталық бөлігі – әскери қауіп-қатердің алдын алу және қарсы әрекет ету тетігі бар әскери доктрина. Ең алдымен біз өз саясатымыздың бейбіт бағытын жариялаймыз және әлемнің бірде-бір мемлекетіне жер аумағы жағынан талабымыз жоқ деп мәлімдейміз», – делінген.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдік қауымдастық істеріне дәйекті және мақсатты түрде қатысуға тырысып, конструктивті халықаралық бастамалар ұсынады. Төменде келтірілген қысқаша тізбе қазақстандық тәсілдердің кеңдігін көрсетеді.

1992 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы (СВМДА), сонымен қатар әскери бюджеттер қаражатының бір пайызын аудару есебінен қалыптасатын БҰҰ бітімгершілік қоры туралы идея бастамасын көтерді.

1994 жылы мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру бастамасы ұсынылды;

1999 жылы – «Шанхай бестігінің» қызметін жалғастыру ұсынысы;

2000 жылы – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың жобасы;

2001 жылы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеясы;

2002 жылы – әлемдік экологиялық проблемалардың тізілімін құру ұсынысы;

2003 жылы – БЭК құру туралы және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы бастамалар;

2004 жылы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін кеңейту және БҰҰ Бас хатшысы жанындағы өңірлік ұйымдар кеңесін құру қажеттілігі туралы ұсыныс;

2008 жылы – БҰҰ деңгейінде халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін белгілеу идеясы;

2009 жылы – Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы ұсыныс;

2010 жылы – Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігі туралы бастама, ЕҚЫҰ мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі арасындағы өзара әрекеттесу туралы ұсыныс.

Қазақстанның бастамалары осымен аяқталмайды.

2012 жылдың тамыз айында Кембридж университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесу барысында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент Халықаралық экономикалық саясатты қалыптастыру және жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздестіру мақсатында G-20 тетігіне қосымша ретінде G-GLOBAL елдерінің тобын құру туралы ұсыныс жасады. Бүгін G – GLOBAL – «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы құрған Астана экономикалық форумы жанындағы Халықаралық виртуалды алаң.

Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, G-GLOBAL – көпполярлылық жағдайындағы әлемдік құрылыстың бес ұстанымы:

Эволюция және саясаттағы революциялық өзгерістерден бас тарту;

Әділдік, теңдік, консенсус;

Жаһандық төзімділік және сенім;

Жаһандық транспаренттілік;

Конструктивтік көпполярлылық.

G-GLOBAL – ХХІ ғасырдағы қауіпсіз және гүлденген әлемнің бес қосындысы. Жүйелі түрде олар Қазақстанның жоғарыда аталған барлық негізгі халықаралық бастамаларын көрсетеді. Атап айтсақ:

Әлемдік қаржы-экономикалық жүйесін реформалаудың кешенді жобасы;

Ядролық қарусыз әлем;

Әлемдік және дәстүрлі діндер съездері;

Еуроатлантикалық және еуроазиялық қауіпсіздіктің бірыңғай континенталды платформасы;

Жаһандық энергетикалық стратегия және «жасыл көпір».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың G-GLOBAL бастамасын қолдайтыны туралы көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары, жаһандық саясат ардагерлері, сарапшылар жариялады. Көптеген саяси көшбасшылар оң баға береді. туралы жақсы айтады. Миллиондаған пайдаланушылар қазірдің өзінде G-GLOBAL сайтына кіріп көрген. Жалпы, G-GLOBAL – бұл Қазақстанның әлемнің даму жолдарын жаһандық іздестіруге қосқан үлесі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 29 тамызында «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференцияда «Атом» жобасы бастау алғанын жариялады. Бұл жоба ядролық қаруды сынауға түпкілікті тыйым салуға қол жеткізу мақсатында жаһандық қоғамдық күш-жігерді біріктіруге бағытталған халықаралық науқан болып табылады. Жобаның атауы ағылшын тіліндегі төрт сөздің бірінші әріптерінен құрылған - abolish testing оur mission (сынақ күшін жою – біздің миссиямыз).

Бүгінде 30 мемлекет ядролық қауіпсіздік саласында ұлттық міндеттемелер қабылдады, сондықтан, Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, «халықаралық антиядролық құқықта және практикалық саясатта ешқандай қос стандарттар мен ерекшеліктер болмауы тиіс».

https://yvision.kz/post/446608




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет