Талқылауға арналған сұрақтар:
1. 21 ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?
2. 21 ғасырда табысты алға жылжу үшін менің халқымның мәдениетінде нені сақтау және дамыту қажет?
4. Диплом немесе білім – мен үшін не маңызды? Менің білімім еліме қалай көмектеседі?
5. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне менің жеке үлесім қандай?
6. «Болашақ» бағдарламасына мені не қызықтырды?
4-кейс «Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілікті асқтау туралы бастамалары»
Мақсаты:
- білім алушылардың бейбітшілік құндылықтары және атомды бейбіт ғылыми мақсаттарда пайдалану туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Семей ядролық полигонын жабудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы білім алушылардың білімін тереңдету;
- «Әлем. XXI ғасыр» манифест мазмұнымен таныстыру;
- ядролық сынақтардың зияны туралы хабардарлықты, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматты, өз елінің патриотын тәрбиелеу;
- Ұлт Көшбасшысы, өз елі үшін мақтаныш пен құрметті, адамгершілікті қалыптастыру;
- қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру; экологиялық тәрбие.
Достарыңызбен бөлісу: |