Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет25/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I КЕЗЕҢ.

Педагог жастар саясаты саласындағы Тұңғыш Президенттің қызметі туралы қысқаша ақпарат береді (5-7 мин.)

Бейнеороликті/презентацияны көру ұсынылады.
II КЕЗЕҢ.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

24 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңінен өтті.

Жұмыс істеуінің алғашқы 10 жылында (1993-2004 жж.) бағдарлама халықаралық қоғамдастықпен сапалы нарықтық қатынастарды құру үшін шетелдік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталды. Стипендия, негізінен, қазақстандық жоғары оқу орындарының экономикалық жəне гуманитарлық факультеттерінің түлектеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз ұсынылған.

Бағдарламаны дамытудың келесі кезеңінде (2005-2007 жж.) стипендиялар саны жылына 3 000-ға дейін ұлғаяды, ал шетелдік жоғары оқу орындарының географиясы әлемнің 13 елінен 33 еліне дейін кеңейтілді. Бағдарламаны бір орталықтан басқаратын – стипендиаттарды оқыту және жұмысқа орналастыру мониторингісінің толық процесін қамтамасыз ететін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – ХБО) құрылады. Стипендиаттарға елге келгеннен кейін бес жыл жұмыс істеу үшін міндеттемелерді бекітіп беретін шарттық база әзірленді.

2008-2010 жылдар бағдарламаны дамытудың тағы бір маңызды кезеңі болып табылады. Дәл осы кезеңде алдын ала тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндігі бар («ауыл жастары», «мемлекеттік қызметшілер», «ғылыми-педагогикалық қызметкер») үміткерлердің жеңілдігі бар санаттары, сондай-ақ 12 айға дейінгі қысқа мерзімді Тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді.

2011-2013 жылдары жоғары білікті кадрларды (магистрлер мен докторларды) даярлау қажеттілігіне байланысты бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту тоқтатылды. Осы кезеңде мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде маман даярлауды көздейтін стипендиаттарды қабылдаудың бағдарламалық-мақсаттық тетігі енгізілді. Үміткерлердің жеңілдігі бар санаттары инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлермен толықтырылады.

2014-2016 жылдары үміткерлерді іріктеу тәсілдері қайта қаралды және «6+6» форматы бойынша тілдік даярлықтың жаңа моделі іске қосылды (6 ай – елде, 6 ай – шетелде). Жеңілдігі бар санаттарға ағылшын тілін білудің ең аз деңгейі кезең-кезеңімен IELTS 3.0-тен IELTS 5.0-ке дейін арттырылды. Жоғары оқу орындарының тізімі топ 200-ден, ұлттық рейтингтерде алғашқы 30 орындағы жоғары оқу орындарын қамтитын, топ 100 әлемдік жоғары оқу орындарының тізіміне қысқарды. «Мәдениет және БАҚ қызметкерлері», «докторантураға өздері түскен» (бағдарлама шеңберінде тілдік дайындықты қарастыратын) сияқты жаңа жеңілдігі бар санаттар енгізілді.

«Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігін жетілдірудің мақсатты саясатының нәтижесі оның 2014 жылы Майами қаласындағы (АҚШ) Going Global VIII халықаралық конференциясында Британдық Кеңес пен Герман академиялық алмасулар қызметінің зерттеу қорытындысы бойынша осы тектес 11 стипендиялық бағдарлама арасында үздік деп танылуы болып табылады.

«Болашақ» стипендиясының бұқара халыққа қол жетімділігі, нақты маман даярлауға бағытталғандығы және одан кейін көмек көрсетуі, яғни түлектермен жұмыс істеуі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық стипендиясының тәжірибесі ресейлік «2014-2016 жылдарға арналған Жаһандық білім беру» бағдарламасының негізіне алынды.

2018 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша ақпарат.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 25 жыл ішінде 12 898 стипендия тағайындалды. Оның ішінде алғашқы он жылында 1994 жылдан 2004 жылға дейін – 785 стипендия, 2005 жылдан 2017 жылға дейін – 12 046 стипендия тағайындалды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2018 жылғы 24 мамырдағы отырысының қорытындысы бойынша «Болашақ» стипендиясы 67 үміткерге берілді.

Бүгінгі таңда 10 096 маман даярланды: бакалавриат – 2 858, магистратура – 5 098, аспирантура, интернатура және клиникалық ординатура – 136, докторантура бағдарламасы бойынша – 129, тағылымдамадан – 1 875 маман өтті.

Түлектердің жалпы санының 53%-ы гуманитарлық, 37,8%-ы – инженерлік-техникалық, 7,4%-ы – медициналық және 1,8%-ы – шығармашылық мамандықтар бойынша оқуды аяқтады.

Қазіргі уақытта 1 255 стипендиат шетелде білім алуда, оның ішінде 14 адам – бакалавриат, 1 067 – магистратура, 120 – докторантура, 1 – аспирантура бағдарламасы бойынша, ал 53 адам тағылымдамадан өтуде.

Стипендиаттарды елдер бойынша бөлу: Ұлыбритания мен Ирландияда-48,8%, АҚШ пен Канада-37,1%, құрлықтық Еуропа елдерінде – 4,7%, Азия мен Мұхиттық аралдары елдерінде – 4,8%, Ресей Федерациясында – 4,6%.

«Барлық стипендиаттардың үштен екісі – зейнеткерлердің, мемлекеттік емес құрылым қызметкерлерінің балалары, оның ішінде 8 пайызының ата-анасы стипендия алған сәтте жұмыссыз болған. Екі жүзден астам стипендиат – ата - анасынсыз қалған талантты жастар», - деді Тұңғыш Президент «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында сөйлеген сөзінде.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша еліміздің барлық өңірлері үшін мамандар даярланады. Елбасы бағдарламаны «Болашақта» елдің барлық өңірлерінің өкілдері болатындай етіп түзету міндетін қойды. «Бұл бүгінгі күні барлық қатысушылардың жартысы – Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары. Оқуды аяқтағаннан кейін олар осы өңірлерге оралады – бұл өте маңызды», - деп атап өтті Назарбаев.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының әрбір екінші түлегі Қазақстанның Жеке және мемлекеттік компанияларында жұмыс істейді.

«Болашақ» бағдарламасы елдің дамуында үлкен рөл атқарды. Ең алдымен – бұл экономика, білім, ғылым, денсаулық сақтау, ұлттық мәдениет және өнер саласы үшін жаңа кадрлар.

Елбасының айтуынша, «болашақтықтардың» 19%-ы ұлттық компанияларда, 4%-ға жуығы халықаралық ұйымдарда менеджерлер болып жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, «Болашақ» бағдарламасы егеменді Қазақстанның тарихындағы алтын беттердің бірі болды. Оның арқасында экономикасы коллапс жағдайында болған жас республика жаңа экономикалық және әлеуметтік үдерістерді қиын жағдайларда басқаруға қабілетті кәсіби кадрлармен өте тез танысты.

Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша екі мыңға жуық инженер-техникалық маман дайындалды. Олар инновациялық жобалар мен технологиялар, металлургия, телекоммуникация, энергетика саласындағы қызметкерлер. Индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру – бұл Қазақстанды шикізат тәуелділігінен арылту мақсаты бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Жалпы, гуманитарлық және инженерлік-техникалық мамандықтар арасында теңгерімге қол жеткізілді.

Бір жағынан, қазақстандық экономикалық және әлеуметтік кеңістікке әлемдік технологиялар трансфертінің магистралі құрылды, - деп атап өтті Тұңғыш Президент. – Ал екінші жағынан – біздің стипендиаттардан әлем Қазақстан, оның халқы, мәдениеті мен дәстүрлері, еліміздің мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы көбірек білді. «Болашақ» бағдарламасының арқасында біз жаһандық элитаны даярлаудың әлемдік жүйесіне қосылдық. Бұл – тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі жоспардың маңызды бөлігі.

Бүгінгі таңда біздің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы контекстінде бүкіл әлемнің дамуы контекстінде біздің халқымыз алдында тұрған жаңа міндеттерді көру маңызды.

Оқушылар Н. Назарбаевтың Жастар саясаты саласындағы қызметі туралы, танымал «болашақтықтар» туралы бірнеше мәліметтер дайындайды.

Интерактивті сабақ бәсекеге қабілетті жас мамандар арқылы елдің дамуының негізгі бағыттарын ашады.

Сондықтан жаңа дәуірдің ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға ден қою және бейімделу маңызды. Елбасы көрсеткен экономикада алға қойған міндеттерді дамыту және оған қол жеткізу, оның ішінде ең бастысы, әрине, қазіргі әлемнің жоғары дамыған прогрессивті елдерінің қатарына кіру болып табылады. Бұл тек рухани құндылықтар мен басымдықтарды дұрыс белгілей алатын қоғамда ғана мүмкін.



Осыдан кейін педагог сабақтың әр оқушының (жоғары сынып оқушыларының) жеке өсуінің нақты жоспарын құру үшін өзіндік бастама болып табылатынын түсіндіруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет