«Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999)
Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.
№ 4. Тәлім алар, тағылым
Елбасының әрбір сөзінде мән мағына бар. Тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар жетерлік.
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».
*«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
*«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».
*«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».
*«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».
*«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».
*«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
*«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».
*«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».
*«Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».
*«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».
«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».
ІІІ КЕЗЕҢ. (7 минут)
Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. «Ассоциативті қатар» әдісі арқылы берілген уақыт ішінде ашық сабақтың «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» деп аталуы неде?- деген сұраққа пайда болған пікірлерін оқушылар ақ параққа жазып ұсынады, жиналған ойларын тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |