Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу



бет6/9
Дата11.12.2019
өлшемі1,47 Mb.
#53449
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 желтоқсан кл сағаты


«Мұғалім — бұл ата-ана:

әлем есігін ашады»

7-кейс

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Мақсаттары:

- білім алушыларды алғашқы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» таныстыру;

- Тұңғыш Президент – Елбасының біздің орта білім берудегі ең басты жетістігімізге көзқарасын түсіндіру;

- білім алушылардың бойында көшбасшылық қасиет қалыптастыру.


Кейстің шешімі

Әдістемелік түсініктеме:

Сабақты өткізуге келесі құралдар мен материалдар қажет: бейнеролик, презентациялық материалдар, таза парақтар, музыкалық орталық, фондық музыка. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылуы туралы мәтін.

Сабаққа дейін қатысушылардың 2 жұмыс тобын құру қажет. Жаңа материалды тамашалап және тыңдап болғаннан кейін әр топ сұрақтарға жауап береді. Әділқазылар командаларды әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріп бағалайды.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I КЕЗЕҢ «КІРІСПЕ».

Мұғалім Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы ақпарат ұсынады. Бейнеролик/презентацияны қарау ұсынылады.

https://youtu.be/5ViffaEVplo?t=84


II КЕЗЕҢ. «НЕГІЗГІ».

Мысал ретінде 2010 жылдың 1-қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында химия-биология бағытындағы алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылуы туралы әңгімелейді.


«Бұл мектеп – ғылым, экономика және саясат салаларында болашақ басқарушылық қызметке жан-жақты дайындалған дарынды балаларға арналған» - деді Н.Назарбаев мектепті ашу салтанатында.

Тұңғыш Президент-Елбасының бастамасымен елімізде «20 зияткерлік мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.

Зияткерлік мектептердің алдында өмір қоятын сұрақтардың жауабын оқушылардың өздері таба білуді; өз істерінің нәтижесін бағалай білу мен жауапкершілігін көтеруге дайын болуды үйрету міндеті тұр, бұл бүкіл өмір бойы білім жинау, сол білімді шығармашылықпен қолдану білігі ретінде өздігінен білім алу және өздігінен даму дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» баяндамасында «ұлттық интеллектің ядросын құру қажет; Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болатын мектептер құру» - деп атап көрсетілген. Яғни, зияткерлік мектептер білім беру сипатындағы міндеттерді ғана шешіп қоймай, ертеңгі күні еліміздің болашағын анықтайтын интеллектуалды элита қалыптастыруы қажет.

Тұңғыш Президент-Елбасының алға қойған міндеттерін орындау үшін, оқушылардың барлық қызығушылықтары мен қабілеттерін толық қамтуға жағдай жасайтын, жаратылыстану-математика бағытындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қабілетті зияткелік мектептер жүйесін ашу қажет болды.

«Бұл мәселе жылдам шешілуі мүмкін емес, оны жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қажет. Оны өскелең ұрпақтан бастау керек. Үш тұғырлы білім беруді дамытуға жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тарту, өзекті шығармаларды басып шығаруды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды», - деп санайды Н.Назарбаев.


Әдістемелік түсініктеме:

Назарбаев Зияткерлік мектептерін құрудың мақсаттарымен таныстыруды топтық формада ұйымдыстыру дұрыс болады. Топтық жұмысқа бағыт: әр топқа және жанкүйерлерге Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы материалды тыңдау және тамашалау қажет. Жұмыстан соң ойын ұйымдастырылады.

Жүргізуші – командаларға сұрақтар қояды, сұрақты талқылауға берілген уақытты қадағалайды, сынып тізімінде жауап беретін оқушыны белгілейді (мұғалім жүргізуші ретінде болуы мүмкін). Екі команда – сынып оқушыларының санынан құрастырылады. Команданың мүшелері үстелдің басына бір-біріне қарсы отырады. Әр команда өз капитанын таңдайды, оның қызметі – жауаптың дайындығын анықтап отыру, басқа балалар - көрермендер. Олар ойынның барысын бақылайды. Егер екі команда да сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда жүргізуші көрермендерден көмек сұрай алады.
Әдістемелік түсініктеме:

Жүргізуші командаларға сұрақ қояды. Сұрақты талқылауға бір - екі минут уақыт беріледі. Жауап беру құқығы дайындығын туралы бірінші белгі берген командаға беріледі.
III КЕЗЕҢ «ҚОРЫТЫНДЫ».

Әдістемелік түсініктеме:

Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Назарбаев Зияткерлік мектебі дегеніміз не?

  2. Назарбаев Зияткерлік мектебін құрудың мақсаты?

  3. Алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебі қашан және қайда құрылды?

  4. Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды қандай қағидамен қабылдайды?

  5. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қандай мұғалімдер сабақ береді?

  6. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыту қандай қағида бойынша жүзеге асырылады?

8-кейс

«Қазақстан және ЭКСПО»
Мақсаты мен міндеттері:

- «ЭКСПО-2017» көрмесінің астана мен тұтас Қазақстанның дамуы үшін рөлі мен маңыздылығын көрсету.

- білім алушылардың «ЭКСПО-2017» туралы білімін қалыптастыру;

- «ЭКСПО-2017» көрмесіне байыпты көзқараспен қарауға тәрбиелеу;

- туған қалаға, Отанға, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

- белсенді қарым-қатынас, көпшілік алдында сөйлеу, өз пікірін және көзқарасын дәлелдеу және қорғау дағдыларын дамыту.



Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.

САБАҚ БАРЫСЫ

I КЕЗЕҢ «КІРІСПЕ» (5 минут).

Құттықтау ретінде «Менің көңіл-күйім» шеңберіндегі ойын қолданылады. Балалар шеңберге тұрады. Әрқайсысы кезекпен бүгінгі көңіл-күйі туралы айтады.

Сәлемдесуден кейін балалар орындықтарда шеңбер бойымен отырады.

Шеңбер – күннің белгісі, жылу, жарық, өмір дегенді білдіреді.

Шеңбер – бірліктің, өзара көмектің, келісімнің символы.

Шеңбер – бұл достықтың белгісі және тек ынтымақта ғана қарсы тұра аламыз.

Шеңбер – бұл біздің планетамыз, біздің Жер және оның проблемалары дәл қазіргі уақытта біздің басты назарымызға айналуда.

Бүгін біз өз мемлекетіміз туралы сөйлесіп, әлемде және Қазақстан Республикасында болған және болатын оқиғалар туралы білетін боламыз. Сондай-ақ біз ЭКСПО және «ЭКСПО-2017» туралы әңгімелесеміз және 28 жыл бұрын әлем картасында «Қазақстан Республикасы» деген атау қалай пайда болғанын білетін боламыз.

II ЭТАП (20 минут)

ЭКСПО туралы түсірілген бейнеролик көрсетіледі.

https://youtu.be/EYpcTakc6Yc

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнін кім айтып береді? (1991 ж. 16 желтоқсан). Дұрыс.

- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады!

- Қазақстан жері шынымен де ғажап. Бұл жерде бір ғасырдан астам уақыттан бері 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрді.

- Балалар, енді біздің Республика туралы не білетіндеріңізді тексереміз. Шағын викторина өткізіп біліміңізді тексеріп көрейік.

https://youtu.be/EYpcTakc6Yc



Викторина:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Ту, елтаңба, әнұран)



2. Ұлттық валюта (теңге)

3. Қазақстанда кімнің бастамасымен ЭКСПО өтті? (Н. Назарбаев)

4. Наурыз қашан тойланады (21-23 наурыз)

5. Қазақстанның ең ұзын өзені (Ертіс 4248 км)

6. Шаңырақ нені білдіреді (Шаңырақ - елтаңбаның жүрегі. Бұл - ошақ, отбасы)

7. Қазақстанның астанасы (Нұр - Сұлтан)

Жарайсыңдар!

- Тақтадан не көріп тұрсыз?Бұл қандай эмблема? (логотипті)

- EXPO-2017 көрмесінің эмблемасы (ЛОГОТИП)

- Көрме қай жерде өтті? (Астанада/Нұр-Сұлтанда)
 «ЭКСПО» - дүниежүзілік көрмесі, жәрмеңкелер немесе World Expo (ағылшынның exposition сөзінен шыққан)  – онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.

Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. 

«EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесі – біздің мақтанышымыз және символымыз болып табылады». Н.Ә. Назарбаев.
Слайд. Түсінікті нақтылау «Дүниежүзілік көрме» («World Expo»).

https://youtu.be/0l_YA2uqUsI



Әлемнің едәуір дамыған елдері 150 жылдан астам уақыт ішінде өз жетістіктерімен мақтанып және басқалардың жетістіктерін бағалау үшін кезең-кезеңмен жиналып отырады. Бұл дәстүр әлемдік көрмелер, немесе «ЭКСПО» аталып кетеді. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өтеді.  

«Дүниежүзілік көрме» немесе World Expo деп аталатын ірі халықаралық шара алғаш рет 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Көрменің басты мақсаты – жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі.



Слайд. «ЭКСПО» өткен қалалар» https://youtu.be/cvNwb4vyjDg

1998 жылы Португалияның Лиссабон қаласында EXPO "Мұхиттар болашақтың мұрасы" тақырыбымен өтті.

2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өткен EXPO көрмесі "Су – тұрақты даму кепілі" тақырыбын таңдады.

2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында EXPO көрмесі "Жақсы қала – жақсы өмір" тақырыбымен өтті.

2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында өткен EXPO көрмесінің маскоты – Yeony мен Suny. Көрме "Жанды мұхит және жағалау аумақтары" тақырыбымен өтті.

2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен EXPO-ның ұраны "Ғаламшарды асырау. Тіршілік қуаты" болса, Фуди деп аталатын маскоты көрменің басты тақырыбын бейнелеген.



Экспо-2017 көрмесі—  Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан  бастап 10 қыркүйегіне дейін өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 3 млн адам қатысты. 

EXPO көрмесіне милиондаған туристер қатысты, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға тырысты.  



Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу байқауында Қазақстанның жеңіске жету жолы.

«ЭКСПО-2017» орталық Азия мен ТМД елдері ішінде әлемдік масштабтағы ең алғашқы көрме болды. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді.

EXPO-2017 тақырыбы - «Болашақ энергиясы»,    әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері сияқты, ең өзекті тақырыптардың бірін баяндайды.   Көрменің  тақырыбын "Экспо 2017"  атты айқын жазылған қысқа логотип тамаша бейнелеген:  гүл күлтелерінің шеңбер бойымен ассиметриялық орналасуы энергияны және мәңгілік қимылды білдіреді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын  іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді:  өзін қамтамасыз ету үшін энергияны туындыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электрмобильдер, биотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар.   

EXPO-2017  көрме кешенінің жалпы алаңы  орасан зор -     174 гектар. Оның ішінде  25 гектар  тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның  Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоратвитік павильондар кіреді.  Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы»  - басты тақырыбына бағынады. 

Сфера кешені EXPO-2017 көрмесінің архитектуралық  көрігіне айналды. Ғимаратта ең жаңа технологиялар қолданылған. Осылайша, екі шусыз желгенераторларының жұмысы арқасында, Сферадағы энергияны тұтынуды төмендету  мүмкін болды.   

Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы және келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында отандық ғалымдардың «жасыл экономика» тақырыбы бойынша ең үздік жобалары көрсетілген.  

Сфераның әр деңгейінде   энергетиканың бір бағыты көрсетілген – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергия. Соңғы деңгей келешек Нұр-Сұлтанды – Қазақстаның 2050 жылдағы  елордасын көрсетті.   

 Сферада сондай-ақ,  төрт тақырыптық павильон да орналасты, олар көрмелердің мынадай тақырыптарын көрсетті: «Энергия әлемі», «Келешек  үшін энергия», «Барлық халыққа арналған энергия», «Менің келешек энергиям».



«Миға шабуыл». Блиц-сұрақтар. Сұрақтарды тақылау.

1. Көрме дегеніміз не?

2. Дүниежүзілік көрме дегеніміз не?

3. Дүниежүзілік көрме алғаш рет қайда өтті?

4. Көрменің негізгі тақырыптары қандай?

5. Көрмелер қай елдерде өтті?



Бейне-презентация «EXPO-2017».
III КЕЗЕҢ «ҚОРЫТЫНДЫ».

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «ЭКСПО-2017» Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды деп есептеуге болады, және бұл іс-шараны өткізу еліміздің имиджін қалыптастыруға, экономика мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосты.

Ең бастысы ЭКСПО аясында білгендерін ортаға салу, пікір алмасу болып саналады. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша 100-ге жуық ел өздерінің жетістіктерін көрсетті.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Көрмелер өткізу аясында қажет болатын ғимараттар.

2. Көрменің негізгі тақырыбы - «Болашақ энергиясы».

«Біздің күшіміз – прагматикалық бірегейлікте!»

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
9-кейс

Н.Назарбаевтың бітімгершілік миссиясы
Мақсаты мен міндеттері:

- білім алушыларды Тұңғыш Президент – Елбасының бітімгершілік қызметімен таныстыру;

- патриотизмді, Отанды және Жер бетіндегі бейбітшілікті қорғау мақсатында мемлекетімізде жүргізіп жатқан іс-әрекеттерге жауапкершілік және мақтаныш сезімін тәрбиелеу.



Өткізі формасы: ізденіс сабағы

Сабақты өткізуге келесі құралдар мен материалдар қажет: бейнеролик, презентациялық материал, музыкалық орталық, фондық музыка, Қазақстан Республикасының «Бітімгершілік қызметі туралы» Заңының мәтіні, таза қағаз парақтары.

Сабаққа дейін қатысушылардың жұмыс тобын құру қажет. Әр топ екі тапсырмадан орындайды: бітімгершілік қызметі эмблемасын ойлап табу, бейнелеу және түсіндіру; Н.Назарбаевтың бітімгершілік қызметі туралы хабарламалар дайындау.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I КЕЗЕҢ

Тақырып бойынша мұғалім және оқушылар маңызды және қызықты хабарламалар жасайды. Педагог Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңынан қысқаша ақпарат береді.

Бейнеролик/презентация қарау ұсынылады.
II КЕЗЕҢ.

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Посткеңестік елдермен ынтымақтастық.

  2. Қазақстанның ұстанымы – еуропалықтар көзімен.

  3. Н.Назарбаевтың бітімгершілік бастамалары.

  4. Қазақстанның ішкі саясаты.

  5. Қазақстан дүниежүзілік аренада. Елбасының ерен еңбегі.


III КЕЗЕҢ.

Қазақстанның бітімгершілік қызметінің тарихы 15 жылдан астам уақытты қамтиды. Біздің әскери қызметкерлер әлемнің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша операцияларға қатысты.

Бітімгершілік қызмет халықаралық қоғамдастыққа қарулы қақтығыстарды болдырмау мен тоқтатуға жәрдемдесуге, сонымен қатар гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Бітімгерлердің жұмысының негізгі қағидалары - заңдылық, халықаралық құқық нормаларының сақталуы, турашылдық және бейтараптылық; турашылдық және бейтараптылық; жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің құрметтелуі; бейбітшілікке мәжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысу жағдайларынан басқа, ұрыс қимылдарына қатыспау болып табылады.

Бітімгершілік қызметтің басты міндеттерінің бірі – тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, қақтығыстардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, күш көрсету іс-қимылдарын тоқтатуға дипломатиялық құралдармен және әдістермен жәрдемдесу. Бұл өте маңызды, себебі кез-келген қақтығысты өршітпей алдын алып отырған дұрыс. Алайда жанжалға дейін жетсе, онда оны реттеу үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

Сондықтан бұндай жағдайда бітімгершілер БҰҰ Жарғысына сәйкес бірлескен халықаралық шараларға қатысады, бітімгершілік операциясы аймағында қарулы шабуылдан аумақты және халықты қорғайды, атысты тоқтату шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бітімгершілік күштері босқындардың проблемаларын шешуге көмек көрсетеді, гуманитарлық көмекті жеткізеді, инфрақұрылымды қалпына келтіреді, құқықтық тәртіпті, халықтың қауіпсіздігін және ең бастысы – адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы қол қойған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңы өте уақытылы болған құжат екендігі өте маңызды. Ол күрделі халықаралық қарым-қатынас кезеңінде жұмыс істей бастады.

Жаңа заң қазақстан Президентінің, ҚР Үкіметінің, Қорғаныс министрлігінің және бітімгершілік қызмет саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттілігін айқындайды. Сонымен бірге, ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияларына қатысуы туралы шешім қабылдау тәртібі құжатпен реттелген.

Н.Назарбаевтың бітімгершілік қызметін белгілейтін бір мысал ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ жаңғырту бойынша қызметін айтуға болады, ұйым Хельсинки принциптерінің мықты іргетастасын негізге ала отырып, қауіпсіздік саласындағы диалогты жандандыруға және «жаңа ғимарат» құрылысына көшуге мүмкіндік берді. «Астана декларациясын қабылдау Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінің маңызды қорытындысы болды, ол қатысушы-мемлекеттердің ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы принциптеріне және құндылықтарына бейілділігін, сонымен қатар қазіргі әлемде Ұйымның қажеттілігінің және өзектілігінің маңыздылығын дәлелдеді».

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық және интеграциялық қатынастарға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы көптеген халықаралық өткір проблемаларды шешуге өз үлесін қосты. Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымына 1995 жылы мүше болды. Содан бері Қазақстан, Ислам әлемінде пайдалы ұсыныстар жасаумен тұрақты сөз сөйлеп, ұйымның беделді елдердің біріне айналды. 2011 жылы Қазақстан осы ұйымға төрағалық етті және сол жылы ұйымның Астаналық резолюциясы қабылданды.

Тұңғыш Президент – Елбасының бітімгершілік қызметімен таныстыруды топтық формада өткізген дұрыс болады. Сабаққа дейін құрастырылған топтар жұмыстың алдында презентация (5 минут) жасайды, оның барысында Н.Назарбаевтың бітімгершілік қызметі туралы еңбектері көрсетеді.


IV КЕЗЕҢ.

Топтық жұмысқа бағыт: әр топқа Тұңғыш Президент – Елбасының бітімгершілік қызметі туралы бір мысал таңдап алу және талдау қажет; посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен достық қарым-қатынасты талқылау; Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын (Украинадағы, Сириядагы және т.б. жағдайларды) талқылау.


V КЕЗЕҢ.

Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің бақылау нәтижелерін талқылай отырып, өзідерінің белсенділігіне және жұмыс сапасына баға береді.

Сабақты жағымды нотада аяқтау үшін, «Қошемет» жаттығуларының бір нұсқасын (Қошемет-мадақтау, іскерлік қасиетті қошеметтеу, сезімдік қошеметтер) қолдануға болады. Қошемет барысында оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлесін бағалайды және бір-біріне, мұғалімге өткізілген сабақ үшін алғыс білдіреді. сабақты аяқтаудың бұндай нұсқасы әр баланың тұлға ретіндегі маңыздылығын мойындауға мүмкіндік береді.



«..Сәлем, саған, астана

С. Мусалимов
10ейс

«Қазақстанның астанасы – Н. Назарбаев армандаған қала»
Өткізілу формасы: интерактивті форма

Мақсаты және міндеттері:

- Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назабаев өмірінің үлгісінде оқушылардың көшбасшылық туралы түсініктерін кеңейту: шешім қабылдау, өз еліне деген жауапкершілік, болжау білігі, қойылған мақсатқа нық қадам жасау;

- Қазақстан астанасын көшіру, жаңа қала салу үлгісімен өз елінің тарихын үйренуге қызығушылығын арттыру, Қазақстанның астанасы туралы танымал адамдардың пікірлерімен таныстыру;

- өз астанасының тарихын зерттеу және жаңа қала салу үлгісі арқылы оқушылардың бойында патриотизмді қалыптастыру.



Кейстің шешімі

Әдістемелік түсініктеме:

Сабақты өткізуге келесі құралдар мен материалдар қажет: «Еуразия жүрегінде» кітабы, астана туралы бейнеролик, презентациялық материал, музыкалық орталық, фондық музыка, тақтада толтырылмаған дөңгелек сызба-нұсқалар, С.Мусалимовтың «Сәлем, Астана!» әні, Д.Ақтановтың «Менің Қазақстаным» әні, таза парақтар, текше қағаздарға жазылған сын есімдер және етістіктер, сын есімдер: қамқоршыл, жауапты, батыл, аңдағыш, жігерлі; етістіктер: шешім қабылдайды, болжай алады, алға қойған мақсатына барады, жауапкершілікті өз мойнына алады, қамын ойлайды, көмектеседі, халықты ойлайды, ұжым туралы ойлайлы, өз үлгісімен оқытады және басқалар.



https://ru.sputniknews.kz/Astana_20years/20180620/6085784/nazarbaev-astana-citaty-o-stolice.html

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I КЕЗЕҢ (4+4 минут).

Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын айтады «Қазақстанның астанасы – Н. Назарбаев армандаған қала».Біз көшбасшылық және көшбасшы қасиеттерін білеміз, бірақ алдымен ойын ойнаймыз. Ол үшін қатысушылардың «Орынбор», «Алматы», «Астана- Нұр-Сұлтан» жұмыс топтарын құру қажет. Команда құру бойынша мұғалімнің тапсырмаларын орындау арқылы, әр топ шеңберге тұрады:

І кезең.


  1. Бір-біріңе қарап күлімсіреп, қолдарыңнан ұстаңдар.

  2. Үлкен, кіші, жоғары, төмен шеңбер жасаңдар.

  3. Бастарыңды түйістіру арқылы түймедағы гүлін жасаңдар.

  4. Сол қолыңды оқушының иығына қой, оң қолыңмен оның басын сипа -1,5 мин.

2-кезең. Өз тобыңның жұмбақ-скульптурасын жаса, көрші топтар естімеуі тиіс, олар тек сендердің жұмбақтарыңызды шешулері тиіс 3 мин + презентация 2 минут.

Мұғалім: рахмет, балалар! Сендерге жаттығу ұнады ма? Ойынның бірінші бөлігі несімен пайдалы болды? Иә, ол сендерді біріктірді және көңіл-күйлеріңді көтерді. Ойынның екінші бөлігінде сендер скульптура құрау тапсырмасын алдыңдар.Осы сәтте кім идея берді және «Кәнекей!» деді. Кім балама идея ұсынды? Кім идеяны құптады және сол идеяны майда-шүйдесіне дейін жүзеге асыруға тырысты? Кім скульптураның презентациясын әзірледі? Міне, балалар, бастамашылық, болжау білігі, жауапкершілікті өз мойнына алу, жақсы идеяларды қолдау, сол идеяларды жүзеге асыру көшбасшылардың ерекшелігі болып табылады. Сендердің бәріңе бәрекелді, азаматсыңдар деп айтамын, өйткені сендер бәрің өздеріңнің көшбасшылық қасиеттеріңді көрсеттіңдер. Енді келесі тапсырмаға көшейік – 4 минут.

II КЕЗЕҢ - 22 мин.

Педагог үш топқа постерге ақпарат толтыру туралы тапсырма береді, олардың әрқайсысының өз тапсырмасы болады:

1-топ. Қиылған текше қағаздардан көшбасшыға тән сын есім түріндегі қасиеттерді іздейді.

2-топ. Қиылған текше қағаздардан көшбасшы істейтін етістіктерді іздейді.

3-топ. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа тән көшбасшылық қасиеттерді табады – 4 мин. + басқа топтың постерін оқуға – 2 мин.

Топ аралық іс-әрекет. Топтар постерлерімен ауысады және басқа топ әзірлеген постерлерді қорғайды. Өздерінің келісімін білдіреді және өз пікірлерімен бөліседі.

Педагогтың сұрақтары: Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? сендер қандай көшбасшыларды білесіңдер, неліктен оларды көшбасшы деп санайсыңдар? Н.Ә. Назарбаев көшбасшының қандай қасиеттеріне ие?

Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерін бірі Қазақстанның астанасын Ақмола қаласына көшіруі және кейіннен елорданың Астана және Нұр-Сұлтан атауларына өзгертілуі болды.

Астананы Ақмола қаласына көшіру шешімі туралы бейнеролик/презентацияны тамашалау ұсынылады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы әңгімесі мысал ретінде алынады.

Мұғалім: үзіндіге назар аударыңыздар және көшбасшының қандай қасиеті байқалғанын айтыңдар?

«Кез келген жағдайда, барлық жағын ойластырып және өлшеп-пішіп көру керек болды. Ақыр-соңында, қанша ақша керек? Оларды қайдан аламыз? Деген сұрақтар туындады. Бірден барлық билік тармақтары көшу керек пе, әлде бұл процесті ондаған жылдарға созу керек пе? Табысты аяқталуы үшін, неден бастау керек? Сонымен қатар, ақыр аяғында астананы қайда көшіру керек Ақмолаға, Қарағандыға, Ақтөбеге әлде басқа қалаға ма?» – деп жазды Н.Назарбаев.

Мұғалім: Бұл жерде Н.Ә.Назарбаевтың қандай қасиеті көрініс тапты? Иә, шешім қабылдау, жауапкершілікті өз мойнына алу білігі. Ролигімізді одан әрі қарайық. Мына үзіндіде Н.Ә.Назарбаевтың қандай қасиеті көрініс тапқаны туралы ойланыңдар.



Нұрсұлтан Назарбаев оның идеясы бірден қолдау таппағандығын атап көрсетті. Үкімет, парламент, кеңесшілер және кейбір қызметтестер, астананы көшіру жоспары туралы естігенде, бір сөзбен айтқанда артқы аяқтарына тік тұрды деп айтуға болады. «бір күні түнде, дәлірек айтқанда түнгі сағат екіде, кенеттен ойыма – Астана! деген ой сап ете қалды. Астана ол әрқашанда астана! Қазақ тілінде өте әдемі айтылады. Орысшада да, ағылшыншада да сол сияқты үнделеді. Астана – бұл атауда табандылықтың, беріктіктің және нақтылықтың реңі бар! Астананы көшіруден күтетін біздің ортақ көңіл-күйіміз бен болжауларымызды айқындайтын қысқа ұран тәрізді», - деп есіне алады Тұңғыш Президент – Елбасы.

Мұғалім: Балалар, бейнероликті көрмес бұрын қойылған сұраққа жауап беруге дайынсыңдар ма? Иә, бұл пайда болған қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсатқа қарай жүру білігі. Берілген үзіндіде қандай қиындықтар пайда болды?

Мұғалім: Балалар, неліктен біз Тұңғыш Президент – Елбасының жаңа қала салу туралы арманы орындалды деп айта аламыз? Біздің астанамыз – қазіргі заманның қаласы екендігін дәлелдеңдер. Астанада не бар, ал Қазақстанның басқа қалаларында жоқ? (білім алушылар астананың көрнекті жерлерін атайды). Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі туралы не білесіңдер? Бұл қашан болды?

Астана атауын өзгерту туралы мемлекеттік құжатпен таныстыру: 2019 жылдың 23 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатқа Астана қаласының атауын тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту ұсынысын жасады. Бұл халықтың Елбасының ерен еңбегіне деген құрметі. Әлемде астананың атауын өзгерту туралы мысалдар көп, мысалы, Америка өздерінің астанасын бірінші президенті Джордж Вашингтонның құрметіне атады. Бұл Президенттің еңбегіне көрсетілген құрмет.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, көшбасшы болып туа ма, әлде қалыптаса ма? Әрине, көшбасшы болып қалыптасады. Бүгін сендер ойын барысында, өз бойларыңда көшбасшылық қабілеттің бар екенін байқадыңдар. Сендердің бойларыңдағы көшбасшылық нышаны нағыз шынайы көшбасшылыққа айналуы үшін не істеу керек? (Оқушылардың жауаптары мен ойлары). Жарайсыңдар, сендер бойларыңда көшбасшылық қасиеттерді өз-өзіңді үздіксіз тәрбиелеу арқылы дамытуға болатынын дұрыс анықтадыңдар. Онда сендер Тұңғыш Президент – Елбасы сияқты алға қойған мақсаттарыңа жете аласыңдар.
Әдістемелік түсініктеме:
Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттермен танысу, көшбасшы болып тумайтындығы, бойында нақты қасиеттерді дамыта отырып көшбасшы болып қалыптасатындығы туралы оқушылардың түсінігін дамыту.

«Көшбасшы қасиеттері» сызба-нұсқасын ұжымдық толтыру.





III КЕЗЕҢ (7 минут). ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қызметі туралы әңгімелер,естеліктер айтылады.. Оқушылар Қазақстанның астанасы және Н.Назарбаевтың қызметі туралы белгілі адамдардың бірнеше пікірін дайындайды.
Махмұтбай Әміреұлының сөзіне жазылған «Елбасы–Елорда» әнін хормен орындау

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

Туғандай қиялдан,

Үйлері бір арман.

Аспандап барады,

Аяулы ұлы ордам.

Елбасы тілегі,

Елімнің жүрегі


Жасанған елорда,

Туған жер тірегі,

Даламның кеңдігі,

Тауымның ерлігі.

Елордам тұр сенде,

Елбасым ерлігі.

Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.

Астана ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шаттана.


Әдістемелік түсініктеме:

Рефлексия – 3 мин.

Мұғалім:

- Сіздерге сабақ несімен пайдалы болды?

- Н.Ә.Назарбаевтың ұлт көшбасшысы ретіндегі қандай қасиеттері туралы білдіңдер?

-Сендер неліктен өз бойларыңда көшбасшылық қасиеттерді дамытасыңдар?

Қымбатты оқушылар! Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев сияқты биік мақсаттарға жетулеріңе тілектеспін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет