Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу



бет1/9
Дата11.12.2019
өлшемі1,47 Mb.
#53449
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 желтоқсан кл сағаты

Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын

жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2019 жылы 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі. Қазақстан Парламенті 2011 жылы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін белгілейтін Заң қабылдады.

1991 жылғы 1 желтоқсанда болған бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен көркеюіне айрықша үлес қосқан, Қазақстан мемлекеттігін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға болып табылады. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан 20 жыл ішінде әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орайластырылып, білім беру ұйымдарында білім алушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударуға, жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруға, сондай-ақ өзін-өзі іске асыру дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталып отыр.



Тақырып: Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары.

Өткізу күні: «Елбасының көшбасшылық сабақтары» барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында белгілі бір уақытта 2019 жылғы 29 қарашада өткізіледі.

Қатысушылар: ашық сабаққа контингентінің саны 3 162 млн оқушыны қамтитын жалпы білім беретін 6992 мектеп қатысады.

Шақырылғандар: өңірлердің белгілі қоғам қайраткерлері шақырылуы мүмкін.

Сабақтың мақсаты:

- Тұңғыш Президент–Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;

- білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- білім алушыларда қазақстандық патриотизмді, елдікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерді, көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

- патриотизм, өз елі үшін мақтана білу сезімін тәрбиелеу.



Жабдықтар мен материалдар: бейнероликті, таныстырылымды көруге арналған жабдық, Қазақстан Республикасының рәміздері, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, даталар жазылған плакат, Н.Ә. Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотографиялар көрмесі, топтарда жұмыс істеу үшін үлестірме материалдар (Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы ақпарат).

Сабақтың құрылымы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі (1,5 мин.)

І. Н.Ә. Назарбаев туралы бейнероликті немесе таныстырылымды көру
(5 мин).


II. Таныстырылымды (бейнероликті) талқылау – 5 мин.

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті тұлғалық қасиеттерін талқылау - 20 мин.

IV. Викторина (6 мин.)

V. Сабақты қорытындылау (2 мин).

Жоспарланған ашық сабаққа дейін оны өткізу түрін анықтап алу ұсынылады (төменде қараңыз); топтарға алдын ала тапсырмалар беру; таныстырылымды дайындау.

Сабақ барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ұсынымдар: мұғалімнің кіріспе сөзі 3 минуттан аспауға тиіс. Онда еліміздің Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу туралы қысқаша ақпарат болуға тиіс.

Жұмыс істеу үшін сыныпты бірнеше топқа бөлу қажет. Топтарды мынадай бірнеше жолмен құруға болады:

1) алдын ала таратылған түрлі түсті стикер бойынша (қызыл – бірінші, сары – екінші топ және т.с.с.);

2) білім алушылардың өздерінің қалауы бойынша.

Білім алушыларды топтарға біріктірудің басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мұғалім бұл ұйымдастыру мәселесін өз сыныбының ерекшеліктеріне сүйене отырып шешеді.

  1. Таныстырылымды (бейнероликті) көру

Ұсынымдар: таныстырылым (бейнеролик) 5 минуттан аспайды. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып Тұңғыш Президенттің балалық шағы,мектептегі жылдары, ата-анасы, туған жері туралы сюжеттерді таңдау. Таныстырылымды (бейнероликті) көргенде алдын ала түсіндіру болмауы немесе қандай да бір түсінік берумен, репликамен үзіліс жасалмауы тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда аталған сюжеттік желілер туралы да алдын ала айтудың да қажеті жоқ. Білім алушылар таныстырылымның сюжеттік желілерін әрдайым түсіне бермейді. Сондықтан сюжеттердің түсіндірме жазбалары болуы мүмкін. Мұғалім кіріспе сөзінде қаралатын сюжеттердің талқыланатынын және оны викторина өткізгенде пайдалануға болатынын ескертеді.

II. Таныстырылымның идеялары мен сюжетін талқылау.

Мұғалім жетекші сұрақтар қойып, білім алушылар жауап береді.

Әрі қарай мұғалім сабақтың одан арғы құрылымын баяндап, бұл сабақтың әрбір оқушының тұлғалық жетілу үшін нақты жоспарлар құруға ерекше бастама болатынын түсіндіруі керек.

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті жеке қасиеттерді талқылау.

Әрбір топқа оқу плакаты немесе A3 форматындағы қағаз парағы беріледі, оның жоғарғы жағында таңдалған тақырып бойынша сұрақ жазылады (плакаттардағы сұрақтар қайталанбайды).



Үлгі сұрақтар:

1. Маған Елбасының қандай қасиеттері үлгі бола алады?

2. ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?

3. Мен кім болғым келеді және неге?

4. Менің қандай білімім еліме көмектесе алады?

5. Мен елімді көркейту үшін қандай өзіндік үлес қосуға тиіспін?

6. Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?

Білім алушылар берілген сұрақ бойынша өз жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазу үшін белгіленген регламент аясында топтарда жұмыс істейді. Әр топқа болашақта өз жауабын тез тани алуы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін белгілі бір түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді. Білім алушылар алдыңғы топтың жауаптарымен танысады және оларға келісетінін/келіспейтінін білдіріп, талқылайды: егер келіссе – оны қандай да бір таңбамен белгілейді; егер келіспесе – түсініктеме, дәлелдеме жазады. Әрі қарай білім алушылар берілген сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың ойлары мен идеялары алдыңғы топтың жазбаша жауаптарына үйлесетін болса, оларды стрелкамен байланыстыра алады. Әрбір топ барлық плакатпен танысқанша, әрбір сұраққа жауап бергенше «Карусель» жалғаса береді. Содан соң әрбір топ өз жауаптарын қорғайды және басқа топтардың жауаптарын талқылайды.



IV. Викторина.

Ұсынымдар:

«Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» деп аталатын шағын викторина өткізу. Топтар сұрақтарға кезекпен жауап береді, оның үстіне команданың әрбір мүшесі сұраққа өз бетінше жауап береді. Егер жауап қате болса, дұрыс жауап балын алу мүмкіндігі келесі командаға беріледі (5 мин). (1-қосымша).

V. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім осы ұсынымдардың басында көрсетілген сабақ идеясының (педагогикалық мақсаттың) білім алушылармен талқылау нысанасы болып табылмайтынын, бұл мұғалімге берілген нұсқау екенін есте сақтағаны жөн.

Сабақтың мақсатын міндетті түрде айту қажет.

Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.

Сонымен қатар мыналарды жалпы білім беретін мектептерде өткізу ұсынылады:

- білім алушылар арасында «Елбасының балалық шағы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кіші Отаны»; «Қазіргі заманғы көшбасшының балалық шақтағы армандары»; «Көшбасшының жолы» деген тақырыптарда үздік шығармалар конкурстары;

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұраларын (Тұңғыш Президенттің еңбектерін) зерделеу бойынша зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың конкурстары;

- «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты бейнесюжеттердің конкурсы;

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптардың көрмелері;

- жыл сайынғы мектепішілік Назарбаев оқулары.



Сабақтың өткізілетіні туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге, мектептердің сайттарына орналастыру, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының сайттарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған тұрақты негіздегі парақтың ашылуын ұйымдастыру қажет.
Пайдалануға ұсынылатын кітаптар тізімі

1. Біздің Президент. Деректі повесть: орта және ересек мектеп жасындағы балаларға арналған. / Қасымбеков М.Б., Молдағаринов А.М., Хасенов Е.Ә. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2015 – 204 бет.

2. Н.А. Зенькович, Назарбаевтай болғым келеді. Президенттің балалық шағы туралы әңгімелер. – Кіші және орта жастағы балаларға арналған. – «Алматыкітап» баспасы, 2018 – 124 бет.
1-қосымша

1. Н.Ә. Назарбаев қашан дүниеге келген? (1940 жылғы 6 шілде)

2. Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы басталған қала? (Теміртау)

3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы? (Конституция)

4. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып алғашқы рет сайланған күні? (1991 жылғы 1 желтоқсан).

5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қай спорт түрлерімен шұғылданады? (Теннис, гольф, шаңғы)

6. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай аталады? (Ақорда)

7. Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағына арналған фильм қалай аталады? (Балалық шағымның аспаны)

8. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары (Н.Ә. Назарбаев,

Ж. Нәжімеденов)



МАЗМҰНЫ

1-кейс

«Әлем мойындаған Елбасы» ..................................................................

6


2-кейс

«Елбасының дара жолы» .........................................................................

9


3-кейс

«Н.Назарбаев. Қайырымдылық қадамдары» ....................................

12


4-кейс

«Елбасы және «Қамқорлық» жобасы» ...................................................

16


5-кейс

«Н. Назарбаев. Қазақстан халқы Ассамблеясы» ..................................

19


6-кейс

«Евразия жүрегіндегі қала» ......................................................................

22


7-кейс

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ......................................................

28


8-кейс

«Қазақстан және ЭКСПО» ........................................................................

31


9-кейс

Н.Назарбаевтың бітімгершілік миссиясы .............................................

35


10-кейс

«Қазақстанның астанасы – Н. Назарбаев армандаған қала» ...........

38


11-кейс

«Еліміздің астанасы» ..................................................................................

43


12- кейс

«Елбасы даналығы» ...................................................................................

50


13-кейс

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» .........................

53


14-кейс

«Елін сүйген Елбасы» ................................................................................

55


1-кейс

«Әлем мойындаған көшбасшылық»
Мақсаты: Елбасының еңбек жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгішттікке баулу.

Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Мұғалімнің негізгі функциясы ол бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып, қорытындылап отырады. Сыныпта дисскусиялық жағдай орнатып, сол арқылы оқущылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады. Берілген оқиғалардан өз білімдерін пайдалана отырып, шешу жолдарын ұсынуға бағыттау, сол арқылы Елбасымыздың ерең еңбегін атап өту. Ұлтжандылыққа, көшбасшылыққа, кең ауқымды ойлай білуге үйрету.

САБАҚ БАРЫСЫ:

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үйлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыстанады. Мұғалім оқушыларға кітаптар жинағымен танысуға шақырады, сол арқылы негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынады.


ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)

Оқушыларға мәтінмен жұмыстану кезінде төмендегі сұрақтар аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыстану кезінде өз ролдерін бөліп алады. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырады. Оқушылар ролдік ойындар арқылы осы мәселелерді шешеді.


1. Біз өз жолымызбен – қазақстандық даму жолымен жүреміз
Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Бұл – Кеңес Одағының ақтық демі таусылар кездің қарсаңы болатын, оның экономикасы да біржола күйреп жатты. Қараша айында сайлаушылармен кездескенде проблемалардан қашқақтауға тырысқан жоқпын, популистік уәделер де бермедім, керісінше адамдармен ашық әңгімелестім. Сайлаушыларыма елді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, одан қалайда өту керектігін, себебі тәуелсіздік пен игілікке жетудің ептеп айналып өтетін басқа жолы жоқтығын түсіндірдім. Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыс алған сәтте мен елдің президентін ғана емес, болашаққа баратын жолын таңдап, менің маңайыма ұйысқан еліммен бірге айтып тіл жетпейтін тұтастықты сезіндім. 10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. «Біз дербес өмір сүретін жағдайдамыз» – менің ұлықтау салтанатындағы негізгі сөзім осы болды.

Тапсырма: Берілген мәтінде оқиға қандай тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келді? Қандай мәселені атап өтер едің? Еліміздің қазіргі жағдайы үшін қандай маңызыд қадамдар жасалды?

2. Барлығы дәл осылай болған...

Дағдарыстың басталуымен тұтыну нарығынсыз, шикізатсыз және айналым қаржысынсыз қалған көптеген қазақстандық кәсіпорындар өндірісті қысқартуға, тіпті жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ресейден сода жеткізу тыйылғаннан кейін Ақтөбе хром бірлестіктері зауыты өнім шығаруды қысқартты. «Казстройполимер» шикізатсыз қалғандықтан, ол да тоқтады. Шина корды жеткіліксіз болуынан «Шымкентшина» тоқтап тұрды. Ресейлік коксқа тәуелді «Карбид», «Фосфор», «Химпром» жұмысын тоқтатуға жақын еді. Қарағанды металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш және Лениногор полиметалл комбинаттары арагідік жұмыс істеп тұрды. Өз еңбек жолын домна өндірісінен бастаған маған қалыптасқан жағдай өте қатты әсер етті. Сондықтан бүкіл күш-жігерімді салып, өндірістік апаттың алдын алуға, өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалуға тырыстым. Алайда республикалар арасындағы шаруашылық байланыс бірінен соң бірі үзіліп жатты. Әрі бұл процестің тоқтамайтыны да белгілі болып қалған еді. Осылайша, 1993 жылы 114 мың адам жұмыс істейтін қазақстандық 130 ірі кәсіпорынның біразы жұмысын толығымен немесе жартылай тоқтатты

Аса күрделі жағдайға қарамастан, мен қашанда адамдармен ашық әңгімеден бас тартқан емеспін. Жұмыстың жоқтығы мен ақшаның тапшылығынан өмірден түңілген адамдармен сөйлестім. Ондай кездесулер еліміз бойынша жасаған сапарларымда, кәсіпорындарда немесе көшеде, кез келген жерде болып жататын. Мен әркіммен сөйлесіп, бірде-бір адамның мұң-зарын ескерусіз қалдырмауға тырыстым, әркім үшін дұрыс шешім іздеп таба білдім, қиындықтардың артта қалатыны туралы отандастарымның жүрегіне үміт отын жақтым.


Тапсырма: Қандай проблемаларды көріп тұрсын? Мәтінде кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттер оның осы мәселелерді шешуге оң ықпалын берді? Еліміздің қазіргі жағдайы үшін қандай маңызды қадамдар жасалды?

3. Шетелдік инвестициялар және өнеркәсіптің қайта өрлеуі

1990 жылдары қазақстандық бизнесмендер ірі кәсіпорындардың тиімді жұмысына жауап бере алатын толыққанды инвестор бола алмады. Оларда жеткілікті қаржылық капитал да, технологиялар да, кадрлар да, тәжірибе де, халықаралық байланыстар да, тұтыну арналары да болған жоқ.

Ірі шетелдік бизнесті ауқымды инвестицияларға өте мұқтаж қазақстандық өнеркәсіп жобаларына тарту үшін, шынында да, үлкен күш-жігер керек болды. Бірінші кезекте, ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнына байланысты еді.

Теңіздегі америкалық әріптестермен келіссөз 1980 жылдардың өзінде басталған: КСРО-да осыншалықты күрделі кен орнын игеруге қажетті технология болмады. Дегенмен кеңестік құрылымдар Қазақстанды келіссөз процесіне тартуға асықпады. 1990-шы жылдардың басында ахуал өзгеріп, көптеген ресейлік өндіруші компаниялар өз үкіметіне қысым жасап, Теңізді игеруге біздің елімізбен келісім жасауға тырысты.

Тапсырма: Қандай проблемаларды көріп тұрсын? Елбасы бұл мәселені шеше алды ма? Қазіргі таңда еліміздің өнеркәсіп саласы қандай қарқында жұмыс істеуде? Еліміздің болашағы үшін қандай маңызды қадамдар жасалды?

ІІІ КЕЗЕҢ. (7 минут)

Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтерді атап өтеді. Кері байланыс жасайды. Тұңғыш президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтеді.


2-кейс

«Елбасының дара жолы»
Мақсаты: Елбасының өмір жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгішттікке баулу.

Сабақ түрі: Топтық жұмыс

Мұғалімнің негізгі функциясы ол бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып қорытындылап отырады. Сыныпта дисскусиялық жағдай орнатып, сол арқылы оқущылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады.


САБАҚ БАРЫСЫ:

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үйлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыстанады. Мұғалім оқушыларға мәтінмен танысуын сұрап, негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынады.


ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)

Оқушыларға мәтінмен жұмыстану кезінде төмендегі сұрақтар аясында талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыстану кезінде өз ролдерін бөліп алады. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырады.



Тапсырма:

  1. Берілген мәтінде негізгі ақпарат не деп ойлайсыз? (өзіндік пікірінді

білдір)

  1. Мәтіндегі кейіпкердің басты қасиеттері оның тұлғалық образын ашады

ма? Өзіңіздің бойыңыздағы бар немесе болғанын қалайтын қасиеттерді байқадыңыз ба? (аргументтер жинап, фактілермен дәлелде)

  1. Сіздің ойыңызша жетістікке жету жолы бұл мәтін арқылы көрініс таба

білді ме? Сіз өз мақсатыңызға жету үшін қандай әрекеттер жасап жатырсыз және ол осы мәтінде байқалды ма? ( салыстыру және анализдеу, жағдайға баға беру)
1. Балалық шақтың іздері
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бала Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды.

Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.

Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындары ауызбіршілікте тіршілік етті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.  
2. Болашаққа бастар жол
Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.
3. Білім мен біліктілік
Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.

1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды.

Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.  Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді. 
4. Кемел тұлға
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.   Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
5. Ұлт көшбасшысы
Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды.Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда  бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі.

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.



ІІІ КЕЗЕҢ. (7 минут)

Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтерді атап өтеді. Кері байланыс жасайды. Тұңғыш президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтеді. Әр оқушыға SWOT талдау жасау ұсынылады.



«..Қайырымдылық – қазақ халқының дәстүрі »

Н.Назарбаев
3-кейс

«Н.Назарбаев. Қайырымдылық қадамдары»
Мақсаттары:

- оқушылардың санасында «қайырымдылық» ұғымын қалыптастыру;

- белгілі қайырымдылық жасаушылардың іс-әрекеттері туралы түрлі ақпаратты талдау білігін дамыту;

- білім алушыларды Тұңғыш Президент-Елбасының қайырымдылық идеялары мен үлгілерінде тәрбиелеу.



Өткізу формасы: пресс-конференция - сабағы

Бірнеше оқушы пресс-конференция өткізуге дайындалады, сынып оларға сұрақтар қояды, арнайы сайланған алқалар қазысы әр сұраққа және әр жауапқа балл қояды.

Сабақты өткізуге келесі құралдар мен материалдар қажет: бейнеролик, презентациялық материал, музыкалық орталық, фондық музыка, тақтада толтырылмаған дөңгелек сызба-нұсқалар, «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V Заңының мәтіні, таза қағаз парақтары.

Сабаққа дейін қатысушылардың жұмыс тобын құру қажет. Әр топ екі тапсырмадан орындайды: өз қайырымдылық эмблемасын ойлап табу, бейнелеу және түсіндіру; Н.Назарбаевтың қайырымдылық іс-әрекеттері туралы хабарламалар дайындау.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I КЕЗЕҢ (5 минут). .

Педагог «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V Заңы туралы қысқаша ақпарат береді.

Бейнеролик/презентация қарау ұсынылады.
II КЕЗЕҢ (10 минут).

Мысал ретінде педагог Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражатын Аружан Саинның қайырымдылық және мемлекеттік тілді дамыту қорларының әрқайсысына 300 мың доллардан бергені туралы әңгімелейді.

«Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады, өйткені қоғам қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлуі тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев осындай әлеуметтік маңызды бағыттармен айналысатын қорларға барлық қоғамның қолдауы қажет екенін атап көрсетті. «Бұл істі қолға алып отырғандықтарыңыз Сіздердің мейірімділіктеріңізді көрсетеді, өз қаражаттарын балаларға көмек көрсетуге бере алатын біздің азаматтарымыздың назарын аударатын іс. Сонымен қатар, біз аурудың пайда болу себептерін анықтауымыз және олардың таралуының алдын алуымыз керек» - деді еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту ел болашағы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.

«Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды», – деді Тұңғыш Президент – Елбасы.

Елбасы қоғамдық бірлестіктер жұмысының әлеуметтік тұрақтылық үшін айрықша маңызы бар екенін, ол мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін атап өтті.

«Қоғамның әл-ауқаты неғұрлым жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге соғұрлым көбірек көмектесетін болады. Қазақстанның балалары ата-анасы бола тұрып, балалар үйінде тәрбиеленбейтіндей, ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне түспейтіндей жағдай жасау маңызды. Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты энтузиаст жандар елдің табысты дамуы мен оның болашағы үшін өте қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қайырымдылықіс-әрекеттерінің мақсаттарымен таныстыруды топтық формада ұйымдастырған дұрыс болады. Сабаққа дейін қалыптастырылған топ жұмысытың алдында өзін таныстыру жасайды (5 минут), оның барысында әзірленген қайырымдылық эмблемаларын көрсетеді.

Топтық жұмысқа бағыт: әр топқа «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқып шығу және қайырымдылық қорлары қандай мақсатпен құрылады? сұрағына жауап беру қажет. Жұмыстан кейін талқылау ұйымдастырылады.



«Қайырымдылық» сызба-нұсқасын ұжымдық толтыру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қайырымдылық шаралары туралы мысалдар келтіріледі, қазақстанның белгілі қайырымдылық жасаушылары туралы ақпарат беріледі.
Оқушылар Н.Назарбаевтың қайырымдылық шаралары, Қазақстанның белгілі меценаттары туралы бірнеше хабарлама әзірлейді.

«Қайырымдылық адресаттары» сызба-нұсқасын ұжымдық толтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет