Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты басқару


Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарының мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудағы әрекетінің мазмұны, міндеттері, формалары



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#143985
1   2   3
Байланысты:
6 семинар

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарының мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудағы әрекетінің мазмұны, міндеттері, формалары.

  • І.Жалпы ереже.
  • 1.Оқу -әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарды жұмысқа тағайындау және міндетінен босату мектеп директоры тарапынан болады.
  • 2.Оқу -әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының оқу-тәрбие процесінде жоғарғы кәсіби білімі мен кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі болуы керек.
  • 3.Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары оқу-тәрбие жұмысында директорға тікелей бағынады.

ІІ.Қызметі. 1.Мектепте оқу-әдістемелік процесін ұйымдастырады, осы процестің дамуына басшылық жасайды. 2.Педұжымға әдістемелік жағынан басшылық жасайды. 3.Оку процесінде техника қауіпсіздігі мен нормасының сақталу ережесін қамтамасыз етеді.

1.Мәліметтік-талдау міндеті. Жалпы мәлімет, оқу-тәрбие процесінің жағдайы, әдістемелік жұмыстың жүруін, әдістемелік кеңес протоколдарының жазылуы, олардың шешімдерінің орындалуын, оқу бағдарламаларының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

  • Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасардың қызметтегі міндеттерін жұмыс мазмұнына лайықтап төмендегідей сипаттамамен беруге болады.

Оқу-тәрбие процесін дамыту мақсатында ағымдық және перспективалық міндеттерді әдістемелік кеңесте талқылап, оқытудың жана технологиясын таңдайды, мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесінің мақсатын анықтайды.

  • 2.Мақсаттық-мотивациялық міндеттер.
  • 3.Жоспарлау-болжамдық міндеті. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңарту, дамыту бағытымен пән бірлестіктерінің жетекшілерімен ынтымақтастықта таяудағы және перспективалық мақсатты анықтайды, мектептің әдістемелік жұмыс жөніндегі жоспарын, айлық жоспарды жасайды.

4.Бағалау-бақылау міндет. Әдістемелік жұмыстарды басқаруды, бақылауды ұйымдастырады, оқу-тәрбие процесінің бар бағытындағы жұмыс жағдайын тексереді, бақылау жасайды, педұжымның жұмысына баға береді, сабаққа кіреді, педагогиқалық анализ жасайды, оқушылардың сапалы білім алуына жүйелі бақылау жасайды, емтихан өтуіне дайындық жасап, өз мәнінде өтуін қамтамасыз етеді. Аттестациялауға қатысады. 5.Ұйымдастырушылық-орындаушылық міндет. Оқу жоспарының, пән бағдарламаларының орындалуын,

  • кәсіби білімді көтеру жұмысын, педагогикалық озат тәжірибені таратуды ұйымдастырады, мұғалімдердің шығармашылық топ жұмысын, жалпы мәлімет жұмысын, әдіс бірлестіктері жұмысын, жалпы оқу-тәрбие үдерісін, пән үйірмелері, факультатив сабақтарын өткізуді ұйымдастырады. Оқу линейкасын, әдістемелік кеңесті өткізеді, оқу кабинеттерінің жабдықталуын қамтамасыз етеді.

6.Бағыттаушы -коррекциялық міндет.

  • Берілген оқу жоспары, бағдарламасы негізінде оқу- әдістемелік жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді, мектеп дамуының перспективалық жоспарын жасайды.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет