«Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу кӛзделеді. БЖБ үшін максималды балл 10-11 сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек. БЖБ ҥшін максималды бал, БЖБ ӛткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жҧмыс, жоба, ауызша сҧрау, эссе) мен сабағы және БЖБ орындау уақыты реттелмейді. 73-кестеде бӛлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны берілген.
73 - кесте. Жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
2*
2*
2*
2*
11-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
«Шет тілі» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары болған жағдайда барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі) Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тілдік қызметтің барлық түрлерін тексеруді кӛздейді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. «Ағылшын тілі» оқу пәнінен жиынтық бағалау ерекшеліктері (спецификация) https://smk.edu.kz/сайтында орналастырылған.