Қорытынды аттестаттауды ӛткізу мерзімі педкеңестің шешімімен белгіленеді. Қорытынды аттестаттаудан ӛткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарда оқыған уақытында оқыған пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білімі туралы үздік аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және ӛткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарwww.nao.kzсайтында қолжетімді.