«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.
«Жаратылыстану» оқу пәні «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі аясындағы ғылыми білімдердің қарапайым деңгейін қамтамасыз етеді.
Оқу пәні қоршаған әлемнің күрделілігі мен кӛпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің ӛзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның кӛптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті ӛмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәні негізгі мектепте «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім берудің негізі және пропедевтикалық курсы болып табылады. Бастауыш мектепте білім алушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми пәндері курстарынан алғашқы түсініктер алады.
«Жаратылыстану» пәнінің бастауыш мектептегі мазмұны зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну,
эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;
мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-кӛпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану ғылымындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
ӛлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің ӛзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға кӛмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
ӛзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жҥктемесінің кӛлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33 сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты, 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бӛлімдерінің әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бӛлімінің оқу мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді кӛздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны кӛрсетілген (30кесте).
30-кесте – «Жаратылыстану» пәні бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны