Мәтінді оқыту кезеңдері: Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сӛздерді
алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.
Мәтінмен жҧмыс тапсырмалары:
әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Мәтіннен кейінгі тапсырма: мәтінде кӛтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сӛздерді, мәтінде кездестірген сӛздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың ӛмірлік тәжірибесімен де байланысып, ӛз кӛзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.